"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай – дана, Абай – дара» Мақсаты: Абайдың ұлы кемеңгер ақын екенін түсіндіріп, оның өлеңдері, қара сөздері арқылы оқушыларды адамгершілік, жаман қылықтан бойларын таза ұстауға, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, табиғатты аялап, оның байлығын, әсем көріні

30.01.2017

«Абай – дана, Абай – дара»

 

Мақсаты:  Абайдың ұлы кемеңгер ақын екенін түсіндіріп, оның өлеңдері, қара сөздері арқылы оқушыларды адамгершілік, жаман қылықтан бойларын таза ұстауға, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, табиғатты аялап, оның байлығын, әсем көрінісін сақтай білуге тәрбиелеу.

 

                                                 Барысы:

1-жүргізуші:  Амансың ба Аманжол!

2-жүргізуші:  Амансың ба Айман!

1-жүргізуші:  Аманжол, бүгінгі кеш ерекше сияқты. Айналаңа қарасаң саған 

                         бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне қонаққа келген үлкен

                         ағалар мен апайлар алдында бір түрлі қиналып тұрмын.

2-жүргізуші:  Айман, несіне қиналасың? Алдымен амандасайық

                        «Сөз атасы – сәлем» деген емес пе?

- Армысыздар, ұстаздар!

- Бармысыздар, балалар!

1-жүргізуші:  Бүгінгі өткізгелі отырған «Абай – дана, Абай – дара» атты

                         тәрбие сағатына қош келдіңізер!

Бағдарламада:

1. Абай кім? (Абай өміріне қысқаша тоқталу)

2. Абай – табиғат суретшісі. (Абайдың табиғат туралы өлеңдері)

3. «Асылдың сөзі – ақылдың кені» (Абайдың қара сөздері, жұмбақтары)

4. Абай - ән мен жырдың мұрасы. (Абайдың әндері)

2-жүргізуші:  Парасатты болып туған,

                         Шыңғыстаудың Абайы

                         Ән мен жырын мұра қылған

                         Сарыарқаның Абайы

                         Нақылымен сана құйған

                         Қазағымның Абайы

                         Ақылменен дана болған

                         Бүкіл әлем Абайы – деп ақын Жұмағазы Алманбаев    

                         жырлағандай Абай кім?

Данияр:  Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл замана суреткері.

                 Абай – аудармашы Абай – сазгер, композитор.

Асыл:  Жиырмасыншы ғасырдың Томері атанған жыр алыбы Жамбылдан: 

             «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз? деген сұрағына

             *Абай ақын емес, ол ғұлама* деп жауап берді.

             Жамбыл ата: «Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең сөздің

             ұқсаған құдіретіне Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Өр Абайдың

             төтеген кім бетіне? – деп жырлапты.

Минас: Абай артына қалдырған мол мұрасын оқып, тану, тағлым алу,

              өзгеге  жеткізу – біздің міндетіміз. Ендеше, біз Абайтанудың бірінші

              баспалдығын да тұрмыз.

Рауан:  Абай 1845 жылы, жылан жылында туған. 1904 жылы, ұлу жылында,

             60 – жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.

             Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зеренің еркелетіп

             қойған Абай деген есімімен атап кеткендіктен, біз де солай айтып

             жүрміз.

Алибек:   Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.

Данагүл: Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.

                 Шешесі Ұлжан.

Мирас:  Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал, 12 

               жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14

               жасында үй ай орыстың приходская школасында орысша сабақ

              оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп би етіп сайлайды. 20 жасында

              Абай от тілді шешен болған.

Серіктес:  14 – жасында сықақ өлеңдер шығарған. Қазақ тіліне орыс классигі 

                   Пушкиннің  Евгений Онегини аударды.

                   (Татьяның Евгениге  жатынан үзінді)

Медет:  Абай ақын, қайрат, жүректі біректі ұстаған адам. Асыл, қайрат,

              жүректі бірдей ұста. Сонда толық боларсың елден бөлек, - деді

             Абай ата.

ІІ. Абай – табиғат суретшісі.

    Жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері оқылады.

 

ІІІ. «Асылдың сөзі – ақылдың кені» - Абайдың қара сөздері,

        жұмбақтары.

Аманжол:  (31-ші қара сөзін оқиды)

Серіктес:  Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ

                    керек. әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық

                   деп білесің.

Меруерт:  Надандық – білім, ғылым шоқтығы. Дүниеден еш нәрсені оларсыз 

                  біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

Айдана:  Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, 

                 жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Рауан:  Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан

              болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады

              деген.

1-жүргізуші:  Енді Абай атамыздың жұмбақтарын шешейік.

 

ІY. Абай ән мен жырдың мұрасы. (Абайдың әндері)

1.     Ән: *Желсіз түнде жарық ай*.

                        Аз да болса ғибрат алса,

                        Біздер бақыттымыз.

-         Осымен біздің «Абай – дана, Абай – дара» атты тәрбие сағатымызды   аяқталды, ынта қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст