Текст
24.04.2026
2026 жылдың 22 сәуірінде шағын-орталығының «Айналайын» тобында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру негізінде «Нені білдік? нені үйрендік?» атты ашық сабақ өтті. (тәрбиешісі Соспанова Ж.С.)
Сабақтың негізгі мақсаты: Балалардың жыл бойы алған математикалық білімдерін қайталау, бекіту және қорытындылау.
Сабақ барысында әртүрлі көрнекіліктер, геометриялық пішіндер, карточкалар қолданды. Балалар берілген тапсырмаларды мұқият тыңдап жауаптарын береді, 1-5 дейін санап, геометриялық пішіндерді ажырата алады, заттарды салыстырады сонымен қатар берілген логикалық тапсырмаларды орындайды.
