"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сауат ашу "Ы ы дыбысы мен әрпі"

04.02.2020

 Күні:  14.11.2019 ж

Сынып: 1 «А»

Пәні: Сауат ашу

 

Мұғалім: Алиманова Ш.Б.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

  Менің сыныптас достарым. Ыы  дыбысы мен  әрпі

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын мақсаттар:

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,  сызба, сурет,

 белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.3.11.1   Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті

 тыныс белгілерін қою.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

-Ыы дыбысы мен әрпін таниды

-Дыбыстарды атайды анықтай алады.

-Буындап оқи алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

-Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады

-Сөздерді түсініп, мағынасын ажыратады,мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

-Ой ұшқырлығын иллюстрация арқылы болжам жасайды.

Бағалау критерийлері

1.Әріпті таниды ,ажыратады,және дыбыспен сәйкестендіреді.

2. Буындап оқиды,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды,сөздерді түсінеді.

3.Ой ұшқырлығын иллюстрация арқылы болжайды.

4. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

 дыбысы –звук    әріп--буква.

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 1.Дыбыс дегеніміз не?

2.Әріп дегеніміз не?

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

4.Дауысты , дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай?

5.Сөйлем қандай әріптен басталады?

 

Ишара

Жасыл-түсіндім; қызыл-сыныптасымның көмегімен түсіндім; сары – көмек қажет түсінбедім.

Алдыңғы оқу

Менің достарым. Дд дыбысы мен әрпі

 

 

             Жоспарланған жаттығу түрлері:

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Шаттық шеңбері

«Ақ тілек,әсем күлкі» тренингі

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Керемет! (қолдарын көтереді)

- Сабаққа дайындықтарың қалай?

- Тамаша! (қол шапалақтайды)

- Ынталарың қалй?

- Ғажап! (Бас бармақтарын көтереді)

- Ендеше сабағымызды бастайық!

- О,о,о!(шапалақтайды)

- Міне,осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

 

 

Шаттық шеңбері

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

Дыбыс және әріп ережесін қайталау

«Доп» ойыны
- Дыбыстар нешеге бөлінеді
— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз

Топқа бөліну

  1. топқа.

 Сабы бар,

Басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр. /қасық/

  1. топқа

 Отқа қойсаң елпiлдеп,

Быж-быж етiп тұншығар.

Тақиясы селкiлдеп,

Танауынан бу шығар. /шәйнек/

 Қасық, шәйнек,кесе,ақман,қазан т.б.

Балалар бұл заттарды бір сөзбен қалай атаймыз

-Ыдыс

-Ыдыс қандай дыбысқа басталады

-Ол қандай дыбыс

-Дауыссыз

 

 Ыы әрпінің жазылу емлесімен таныстырамын.Баспа және жазба түрімен

 

Тіл ұстарту жаттығуы.
Ыс - ыс - ыс
Келіп қалды қыс.

 

1-тапсырма:  «Кім тапқыр?»   ТЖ

Суреттен Ы дыбысы бар сөздерді табу

1-топ екі сөзге дыбыстық талдау жасайды

Тышқан,қасқыр

2- топ екі сөзге дыбыстық талдау жасайды

   Тоты,қонжық

Бір-бірін тексеру

 

Дескриптор:

1. Иллюстрацияға сүйеніп, ы әрпіне келген қонақтарды атайды.

2. Атаған сөздерден ы әрпінің орнын табады

3. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

Оқыту

Ыс,ыр,ыт,ыш,ын

Сы,шы,ны,ры,ты.

Сыр,сары,ыдыс

 

2-тапсырма: ТЖ  Суреттерге қарап , өз топтарыңмен сұраққа жауап беріңдер.

  1. Оқушылар қандай сабақтарда болды?
  2. Олар әр сабақта немен айналысты?
  3. Сауат ашу сабағында қай әріппен танысты?

Дескриптор:

1.  Суреттегі заттарды  атайды

2.  Берілген сюжетке қарап шағын әңгіме құрастырады

3.  Тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрайды

Сергіту сәті. 

4-тапсырма: Дәптермен жұмыс

Дескриптор:

1.Сөйлемнің бас әріптен басталатынын  біледі.

2.Жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап  жазады.

3.Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

Іс-қимылмен көрсетеді

Дәптерлер

 

Сабақтың соңы

 

 

Рефлексия

 

 

 

 

       

 

 

 

Просмотров: 1525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст