"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылдық шырша

30.01.2020

«Айналайын» ТОБЫ. «ЖАҢА ЖЫЛ» 2019 жыл.

ШЫРША ЖАНЫП ТҰР!!!

Балалар карнавал костюмдерімен залға кіреді.

БИ «КАРНАВАЛ»

ЖҮРГІЗУШІ: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық,бірлік, құт, береке әкелсін.

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.

Мына отырған барша жан бәрімізге.

  1.  
  2.  

ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ! (барлығы)

 

Дымқаламқас әуенмен кіреді.    Мен Дымқаламқас –атым менің Қаламқас!

Ештеңені қаламаймын!

Мерекені бұзамын

Бәрін сиқырлап тастаймын.

Аяз атаны күтіп отырсыңдар ма? Ха-ха-ха! Аяз аталарың келмейді! Ха-ха-ха! Күтеғойыңдар! Күтеғойыңдар!

ЖҮРГІЗУШІ: Кешіріңіз ал сіз кім боласыз?

ҚАЛАМҚАС: Түсімбегендерге түсіндіріп айтамын!  Мен-сиқырлы, данышпан Дымқаламқас-Қаламқас! Сендердің Аяз аталарыңды сыйқырлап тастадым! Ешқандай мерекелеріңді қаламаймын! Ештеңені қаламаймын.

ЖҮРГІЗУШІ: Аяз атаны қалай сиқырлап тастадыңыз? Сиқыршыға да ұқсамайсыз! Біз сізге сенбейміз.

  • сенбесеңдер –сенбеңдер! Бірақ мына шыршаларыңды сөндіріп тастаймын!(Сиқырлайды). Чорики-морики, ахалай-мақалай, сяськи-масяськи! Шыра шамыңды өшшшш.... (Шыршаның шамдары өшеді)

Аяз аталарыңды күтіп отыра беріңдер! Сендердің мерекелеріңде болмайды! (кетеді)

  • Балалар, уайыдамаңдар! Аяз атамызды бірге Шақырайық! АЯЗ АТА! АЯЗ АТА! АЯЗ АТА! АЯЗ АТА!

Африкалық музыка ойналады. Аяз ата шорты, фудболка, сланцы, очки, парик пенсақал мұрт кепкамен кіреді. Надувной круг, чемодан, банан жеп кіреді. Артынан Қаламқас- панама, чемодан на роликах, қолында зонтик, билетімен. Ақшақар-очки, панама, веермен, сумка летняя.

  • Аяз ата? Сиқырлы таяқшаң қайда? Сыйлық қабың қайда? Етіксіз, шапансыз, мынауыңыз не? Жаңа жыл мерекесін қарысы алмаймыз ба?

АЯЗ АТА: Жаңа жыл, жаңа жыл! Туф! Шаршадым! Ешқандай сыйлық,мерекені қаламайиын! Мына Қаламқаз бізге Африкаға дейін билет сыйлап тұр.Уһ! әйтеуір енді адам сияқты дем алатын болдым! (көзін жұмып). Африка! Күн ыстық, көл, жеміс-жидектер, көңілді билер! (иғындағы орамалға жатып).

АҚШАҚАР: Ата, мына кіремді алып жағыңыз. От загара.

 ЖҮРГІЗУШІ: Балалар, балалар Аяз ата мен Ақшақарға не болды? Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтып есіне түсіріп, қайтарайық.

  •  

Нұрдаулет, Ажар, Медина, Азат Ерасыл, Рақымжан, Айару.

  •   Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, ақшақар.(шақырады)
  • Аяз ата, Жаңа жыл деген керемт қой! Қанеки, балалар, айтыңдаршы қысты не үшін жақсы көресіңдер?

БАЛАЛАР: Қар ойнаймыз, коньки, шана, шаңғы тебеміз, сыйлық аламыз........

ӘН «ШАҢҒЫ, ШАНА САЙЛА»

АЯЗ АТА: Жылда осы Жаңа жыл, шырша (сағатқа қарап). Мен африкаға кешігетін болдым!

АҚШАҚАР: Ұшақ екі сағаттан кейін болады, ал біз чемоданнымызды да дайындаған жоқпыз. (екеуі шығып кетеді)

ҚАЛАМҚАС: Ха! Енді сендіңдер ме, менің сыйқырлы екені ме?  Менің сыйқырлығым кетсін десеңдер, мен 3 рет қалаймын деу керекпін. Бірақ оны сендер күтпеңдер!

ЖҮРГІЗУШІ: Қаламасаң-қалама сенсізде көңілді өтеді. Балалар көңілді би билеп жіберейік.

БИ «ВАРУ-ВАРУ»

ҚАЛАМҚАС: Ей !Тоқтаңдар!Қалай биледіңдер? Менде сендер сияқты билегім келіп тұр (билейді)

  • Сен қалайсың ба?
  • Қалаймын! (билейді)

ЖҮРГІЗУШІ: Аһа! Мінекей 1 рет қалаймын деген сөзді айттың!

ҚАЛАМҚАС: Болды, мен енді ештеңе айтпаймын, ештеңені қаламаймын!

  • өзің білесің! Ал біз балалармен жұмбақтар шешеміз.

ЖҰМБАҚТАР: Қолы жоқ, сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады.(Аяз)

Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желеді, Аузы жоқ ұлиды.(Боран)

                             Таусылмайтын ақ мақта, қысы, жазда тау жақта (қар)

Отқа жанбайды, суға батпайды. (Мұз)

ҚАЛАМҚАС: менде жұмбақтың шешімін қалаймын! (соңғы жұсбақтың шешімін табады).

ЖҮРГІЗУШІ: Әнекей! 2-ші рет –қалаймын деген сөзді айттың! Қаламқас жаңа ойын ойнаймыз ба

ҚАЛАМҚАС: Қаламаймын! Ойнамаймын!

  • өзің білесің. Балалар «Кім жылдам деген» ойын ойнайық. Ойынның шарты: бір жаққа 5 бала, екінші жаққа 5 ата-ана. Аяқтарын мына қапты киіп шыршаны айналып келесі балаға береді.қай команда тез аяқтаса сол жеңіске жетеді. 

ҚАЛАМҚАС: Меніңде ойнағым келіп тұр.Ойын ойнауды қалаймын.

ЖҮРГІЗУШІ: Алақай! Балалар! Қаламқас 3 рет –қалаймын деген сөзді айтты! Енді сенің сиқырлы күшің жоғалды!!! Алақай!!!

Музыка әуенімен нағыз Аяз ата қаппен ақшақар мен кіреді.

АЯЗ АТА: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Армысыздар ма, құрметті қонақтар! Африкаға баратын ұшақта, қалай отырғанымды түсінбедім. Ол жақта ыстық қой? Мен еріп кетер едім!

АҚШАҚАР: Иә, өзіміз түсінбей қалдық.

  ЖҮРГІЗУШІ: Аяз ата ол Дымқаламқас-Қаламқастың ісі ғой.

АЯЗ АТА: Кел, бері сұлу қыз! Міне саған билет менің орныма, Африкаға сен барасын. Крибле-крабле- бумс! (Қаламқас музыка әуенімен, айналып, қаппен бірге шығып кетеді)

АЗАТ АТА: Балалар, шыршамыз неге жанбай тұр?

БАЛАЛАР: шыршамызды Дымқаламқас сйқырлап тастады.

АЯЗ АТА: қане, қызым, балалар мен шеңберге тұрыңдар! Бәріміз бірге мына сөздерді айтайық:  Қуант бізді таңырқат6 Шырша шамыңды жарқырат!

(Аяз ата өзінің сиқырлы таяғымен3 рет шыршаға тигізеді- жарық сөніп шырша шамдары жанады).

АЯЗ АТА: Жаңа жылға арналған

Кімнің қандай әні бар?

Айналайық шыршаны

Кімнің қандай сәні бар?

  •  

Алихан, Альмансур, Жарқын, Дамир,Мейіржан, Адилов Ерасыл, Еркебұлан.

АҚШАҚАР: Балалар, жаңа Африкаға барамыз деп ыстықтап кеттік!

ЖҮРГІЗУШІ: Аяз ата, Ақшақар ыстықтасаңыздар балалар сіздерге балмұздақ тарту етеді: Шарты: балаларды екі топқа бөледі. 1команда Аяз ата, 2 команда ақшақар командасы болады. Аяз атамен, ақшақардың қолдарында ыдыс, балалар қасықпен балмұздақты тасыйды. Кім бірінші бітсе сол жеңіске жетеді.

АҚШАҚАР: Ой балмұздақ суық қой! Балаларымыздың қолдары тонып қалады. 

  • Онда Аяз атаның қолғабын аламыз.

ОЙЫН «БАЛМҰЗДАҚ»

ЖҮРГІЗУШІ:  Қыс биі

БИ «ҚЫС»

АЯЗ АТА: Құрметті қонақтар, ата-аналар, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сіздерді осы Жаңа жылда қандай жақсы жаңалықтар күтіп тұрғанын көрейік.

ГАДАНИЕ АЯЗ АТАНЫҢ ҚАПШЫҒЫНАН

АЯЗ АТА: Балалар, жаңа ұшаққа отырғанда, адамдар Гудмон деді.

АҚШАҚАР: Ата, Гудмон емес гудмонин деді.

АЯЗ АТА: Ол қай тілде?

ЖҮРГІЗУШІ: Аяз ата қазір балалар сізге ағылшын тілінде тақпақ пен ән айтып береді. Тамашалаңыздар!

АЯЗ АТА: Рахмет! Көңілімді көтердіңдер! Балалар. Енді сыйлықтарыңды қабыл алаыңдар(жан –жағына қарайды). Менің сыйлық салынған сандығым қайда.

ЖҮРГІЗУШІ: Қызыл түсті ма? Қарұлпаларымен ба?

АЯЗ АТА: Ия-ия! Ішінде менің сыйлықтарым бар еді.

 ЖҮРГІЗУШІ: Оны жаңа Қаламқас өзімен бірге Африкаға алып кеткен шығар!

(Музыка әуенімен Қаламқас қаппен кіреді)

ҚАЛАМҚАС: Уф! Ол Африкаға мені жібермеңіз ші, Аяз ата. Онда қатты ыстық! Мен сізге сыйлықтарыңызды салған қапшығыңызды алып келдім.(қаптың ішін ашады оның ішінде бананадар жатады).  Мен тағы да бәрін бүлдірдім! Қазір әуежайға қоңырау шаламын.(телефон ұстап) Алло! Әуежай ма!Маған Африкадан Қызыл қапшықты алып келіңдерші! Қайда? Балалар, балабақшаның мекен жайы қалай? Болды қазір әкелемін. (Кетті).

АҚШАҚАР: Балалар, біздің сыйлықтарымызды табу үшін бізге көңілді әдемі ән керек

ӘН «ШЫРША ЖЫРЫ»

(Музыка әуенімен СТЮАРДЕССА-ҚАЛАМҚАС чемоданмен кіреді).

ҚАЛАМҚАС: Міне аяз ата сыйлықтарыңыз! Мен енді Дымқаламқас емеспін, Стюардесса-Қаламқаспын.

АЯЗ АТА: Рахмет, стюардесса-Қаламқас! Дәл кезінде келдің!

Чемоданды ашады; Ал міне нағыз сыйлықтар! Жаңа жыл мерекелеріңмен құттықтаймын! Сыйлықтарды қабыл алыңдар.Сыйлықтарды тарату.

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті ата-аналар, балалар бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне арналған ертенгіліміз аяқталды. Келе жатқан 2016 жыл мешін жылы елімізге тыныштық, отбасымызға амандық,табыс пен береке, қуаншыпен мереке әкелсін.Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қимылды ойындар тізімінің үлгісі

Жүгіруге арналған ойындар: «Мысық пен торғайлар», «Ұстап ал»,                        « Жұбыңды тап», «Аттар», «Құстар мен мысық», «Ұшақтар», «Бұрыштар», «Жұптасып жүгіру», «Тышқан аулаушы»,  «Аққу-қаздар», «Пішін жаса», «Табан мен шортан», «Жүгіріс», «Бос орын», «Жасырынбақ», «Бәйге», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аюдың апаны».

       Секіруге арналған ойындар: «Қасқыр мен қояндар», «Кім жақсы секіреді?», «Қоян мен қасқыр», «Түлкі тауық қорада», «Мысық пен тышқан», «Еденде қалма», «Төмпешіктен төмпешікке», «Сыныптар», «Маймылдар», «Торғай мен мысық», «Күміс алу», «Ақ қоян».

        Еңбектеп және өрмелеуге арналған ойындар: «Мысықтар мен күшіктер», «Қойшы мен табын», «Құстардың келуі», «Мысық пен қаздар», «Жалауға дейін тез жүгір», «Өрт сөндірушілер», «Күрес».

Лақтыру, дамалату, қағып алуға арналған ойындар: «Лақтырам, қағып ал», «Допты тордан өткіз», «Лақтырамын, ұстап ал», «Қоян мен аңшылар», «Жалаушаға лақтыр», «Түйреуішті құлат», «Допты тордан өткіз», «Құрсауға дәлде», «Кеглиді құлат», «Ақ сүйек», «Асықтар», «Алысқа лақтыр», «Таяқ-тастау».

      Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар: «Қай жерде тығылған, тап», «Тап та, үндеме», «Кім кетті?», «Жасырынбақ», «Лақ», «Өз орныңды тап», «Тығылмақ», «Тас-тастау».

Эстафета-ойындар:  «Жұптасқан эставета», «Кеглиге тиіп кетпей, допты әкел», «Допты сақинаға сал», «Кедергі жолдар».

     Судағы ойындар: «Фонтан», «Қорапша», «Теңіз толқиды», «Туннельдегі поезд», «Суды құй», «Теңіздегі толқын», «Өкшеңді көрсет», «Шеңбер ішіне кір», «Ау».

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 850


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст