"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа жылда жаңа нұр»

30.01.2020

                   «Жаңа жылда жаңа нұр»
 

Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
                  Ән шырқайық, баршамыз.
                  Тақпақ айтып, би билеп,
                  Жаңа жылды бастайық

Құрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін.
Ән «Аяз ата» хормен айтылады. Біздің бүлдіршіндер сіздерге ән салып береді.
Тәрбиеші: Балалар біздің жаңа жылға жаттаған қандай өлеңдеріміз бар?
Асанали:
Жап жасыл шыршамыз,
Қандай тамаша.
Басында жұлдызы,
Қонады жараса.
Арубике:
Ойнаймыз тойлаймыз,
Біздің бақшада.
Ойыншықтар көп екен
Әсем шыршада.
Мирас:
Тамаша, тамаша,
Аяз ата келеді.
Әнімізге қосылып,
Бізге сыйлық береді.
Асият:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағы да.
Дайындалып жаңа жыр,
Біз күттік сағына.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы шықтыңдар. Музыка әуенімен залға секеңдеп қоян кіреді.
Қоян: Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп - ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.

Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
(Аяз Ата)

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

(Балалармен амандасады)
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер/. Ақшақар басын көтермей тұрады/.
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып)

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын немесе балалар бір тақпақ айтып беріңдерші.

Мәди: Ақшақардың сәні бар,
Балалардың әні бар.
Тышқан жылы келгенде,
Қуанышқа батыңдар.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Бір жерде жатқан болар, жаңа мыстан ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
Балалар аңдар кілтті іздеп жүргенде бір тақпақ айтып берейік.
Мұхаммадәли: Қаптың аузы ашылсын,
Ойыншықтар шашылсын.
Аяз ата би билеп,
Әнімізге қосылсын.
(Сол кезде қоян сиқырлы таяқты тауып алады)

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады.
Даниал: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Бии «саяқмазақ»

Наргиза: Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Бии «қуыршақ»

Нұрай: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Ақзере: Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

«Аяз ата» жырланады.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.

Бии «Қарақшы»
Балалар
Нәрлен: Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Бии «мики-мауыз»

Ш. Аружан: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Назерке: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Бии «маша мен аю»

Қарақат: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Бии «цыған»

Арман: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Даулетхан: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Зарина: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Рахманғали: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Динара: Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Аружан: Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді). Балалар: Сау болыңыздар!
Балалар: біздің Абдуллах жаңа жылға деген ақ батасын берсін

Қуанатын шақ болсын,
Достарымыз ақ болсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке бақ болсын!
Аумин
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2020 - шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Просмотров: 725


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст