2023 жылдың 14 сәуір күні мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Хабай Сайрангуль Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсінік беру.. мақсатында «Мен ғарышкер боламын» атты сабағын өткізді.
Балалар ғарыш туралы көп нәрсені білді. Ғарыш туралы сурет салып, дүниежүзінің ең бірінші ғарышкері,біздің Қазақстан Республикасының ең бірінші ғарышкері туралы білді.
Ұйымдасқан іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Мерзімі: « 13» сәуір 2023 ж.
Тәрбиеші: Хабай С.
Білімнің беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас.Шығармашылық.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Мен ғарышкер боламын
Мақсаты: Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсінік беру..
Көрнекіліктер: Ғарыш, ғарышкерлер, зымыран туралы суреттер.
Әдіс тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, д/ойын, бейнелеу
Сөздік жұмысы: ғарыш, ғарышкер,зымыран, астроном, ай, жер, күн, планета.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Сәлемдесу. Күннің көзіне қолымызды созамыз, Жылу аламыз, бір бірімізге сыйлаймыз Бір бірімізді құшақтаймыз
|
Шаттық шеңбер.
|
Ұйымдастырушылық-ізденіс
|
Балалардың назарын ғарыш, зымыранның суретіне аудару. Суретте не бейнеленген? Ғарыш әлемі. Ғарыш әлемінде не көріп тұрсындар? Ғарыш әлемінде көп жұлдыздар бар.Қызыл жұлдыздар олар Жерден алыс және суық онда өмір жоқ. Сары жұлдыздар Жерге жақын. Ғарыш әлемінде тоғыз планета бар, олардын ішінде сендер білетін планеталар- Күн, Жер, АЙ, Шолпан . Біз Жер планетасында тұрамыз. Жерде ғана тіршілік өмір бар. Зымыранды кім жүргізеді? Дұрыс, ғарышкер
Балалар, қандай тақпақтар білесіңдер ғарыш туралы. Слайдтан қазақстандық ғарышкерлерді көрсетеді, атайды.
Дүниежүзінің ең бірінші ғарышкері ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ГАГАРИН. Балалар егеменді ел тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қазақ ғарышкері-ТОҚТАР ӘУБАКІРОВ Екінші қазақ ғарышкері-ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ
– Бүгін біз ақын Жақан Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» өлеңімен танысамыз. Өлең – əдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін əсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді. Педагог өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді, жаттатады. Мен ғарышкерболамын Аспан, аспан, арайлым, Сағанжиіқараймын. Сенікөзбеншоламын, Мен ғарышкерболамын
Сөздік жұмыс:ғарыш-аспан әлемі, космос. Күн- жылу мен жарық көзі.Жер-тіршілігі бар күн жүйесіндегі планета.Ай-Жердің серігі. Астроном- жұлдыздарды зерттейтін адам. Ғарышкер-ғарышқа зымыранды жүргізеді, ол жұлдызды аспанды зерттеуші. Енді ғарышкердің суретін толықтырып саламыз. Балаларға көмек көрсету.
|
Балалардың жауаптары
Балалар мұқият тыңдайды.
|
Рефлексивті-түзету
|
Қорытынды : оқу-іс әрекетінде біз не туралы әңгімелестік? Қандай планетада өмір бар? Жердін серігі қай жұлдыз? .
|
Балалардың жауаптарын тыңдау. Балалар жапсыруға белсенді қатынасады. Жұмыстарын тамашалайды.
|