"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІК ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ

22.01.2020

«ӨЛЕҢТІ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

КҮН ДИДАРЛЫ ҚАЗАҚСТАН
ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІК

ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ

 

 

 

 

ӨТКІЗГЕН: СОСПАНОВА Ж.С.

                                                                                                   ХАБАЙ С.

МАКАШЕВА А.А.

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
 

 Отан- жерім, Отан- суым,
Отан  қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
 

 Қуат  алған  өзінен,
Туған елдің  ұлымын.
Бақытты  етіп  өсірген,
Отанымның  гүлімін.

 Шырқап  көкке  аспан – ән,
Болашаққа  бас  қадам.
Қазақ  рухын  биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !
 

   Қадамың бар баспаған,
Асуың  бар  аспаған.
Халқым  жетсін  мұратқа,
Ей, бас  қала- АСТАНА!
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
 

Елтаңбасы  елімнің,
Неткен  әйбат, әдемі!
Тұнығындай  көңілдің,
Ортада- аспан  әлемі.
 

 Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған  ол  төрден.
Қанатты  қос  арғымақ,
Екі  жақтан  көмкерген.
 

 Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен- бақытты  ұлансың,
Бәрі  саған  қуансын!
 

Көк  аспандай  көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк  емес  ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.

  Тәуелсіздік  жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім  өз  қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.

 Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай  жазықпын.
Өзенімдей  өршілмін,
Гүлдерімдей  нәзікпін.
 

 Ақ  ниеті- алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл- халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
 

Ән: «Ел қорғауға әзірміз».
Би: «жауынгер ұлаңдар».

 

 

Просмотров: 583


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст