"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мұқағали-ғасыр ақыны " кітапхана сабағы Нагиманова А.Д.

22.01.2020

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали-ғасыр ақыны

 
Сабақтың мақсаты:

                          М. Мақатаевтың «Қазақ поэзиясының жаңа дәуірін бастаған»

                        тамаша жырларымен оқушылады таныстыру, оқырман қауымға

                       кеңінен насихаттау.

 

Ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін, Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке, отансуйгіштікке, тіл, сөз онерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққа бәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлендерін сүйе білуге үйрету.
Түрі: поэзия кеші.
Көрнекілігі: ақын суреті, слайд, қанатты сөздер. 
Мұғалім сөзі:     Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
                            Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!


Бүгінгі біздің «Мұқағалиды аңсау» деп аталатын кеш-сабағымызға қош келдіңіздер.  Жыл керуені алға жылжыған сайын М. Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қаранғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде Абай үндес Мұқағалидей перзенті бар халық шынымен бақытты.
 

2-жүргізуші:
Ақынмын деп мен қалай айта аламын.
Халқымнын өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қаййтарамын, - деп ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың нағыз арқылы аын екенін танып отыр.
Мұқағали бағы мен соры, күнгейі мен көленкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы – өлмес жыр жаратқаны, өтірік өлең жаза алмағаны, ойлау мен өлең өруді теңдесі жоқ классикалық, әлемдік биікке көтергені. Соры – өз қоғамы мен ортасына сыймай, қасірет шеккені, тапқан-таянғаны отбасын асырауға жетпей, өмірінің қиыншылықта өткені, соны дер кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны.
«Ақын толымы – қырық» деген екен бұрынғы даналарымыз. Сол ақыл тоқтатқаны шағында Мұқағали өмірден өтті.


1- жүргізуші:
1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз деген жерде Сүлеймен мен Нағиманың отбасында маңдайы жарқыраған Мұқаметқали атты ұл дүниеге келген болатын. Бұл кім? Бұл күнде тірі болса 80 жасқа толатын Мұқағали ақын еді.
Бірнеше жылдар бұрын дәл осы күні Мұқағали ақын

 «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай, 
Мына жандар неғып жатыр тойламай
Тәңірдін бір жарытпай-ақ қойғаны-ай»- деп қолының қысқалығына нали отырып, жыр шұмақтарын төккен екен.
2-жүргізуші:

« Айтылар естеліктер мен туралы, 
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,
Біреулер тұлпар еді дер мүмкін;
Бүтінделмей кеткен бір ер –тұрманы»
Иә, естеліктер де жазылуда, пікірлер, дастандар жазылып, лебіздер айтылуда. Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазған « Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрейік.

1-жүргізуші: - Ақынның балалық бал дәрені соғыс жылдарының ауырлық тауқыметімен тұспа-тұс келді. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, жеті жылдық мектепті болды. 

2-жүргізуші: - «Сырын да осы, жырын да осы, алдыңда,
Байқашы бір бықсыдын ба, жандын ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сырқаты
Мұқағали Мақатаев бар мұнда» деп бір күнді сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ақиық ақыны – Мұқағали ұрпақтарға ұлан-ғайырмұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім.

1-жүргізуші: 
- Қысқа ғана өмірде атына ғасырдан – ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын М. Мақатаевтың жұмбақ әлеміне бір сәт үңілейік, оның жырларының әулиелік, көріпкелдік, данышпандық керемет бір қасиет бар . Ақын «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өлең өнерінің мәнгілік екенін айтып кетті.        

2-жүргізуші: 
-«Жыр басы Қарасөзден басталған Мұқағали бүгінде ән болып аспанда алықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау аспан әлемінде шырқап барады».
бейнеролик  «Есіңе мені алғайсын»       

1-жүргізуші:
- «Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені, сезесін бе, неге іздедім?» деп поэзиясымен егіз жаратылған ақын кие жырдың шапағатына бөлене білді, сол жырлармен бүкіл қазақтың жүрегінің түкпірінен орын алды, жыр сүйер қауымның піріне айналды. («Поэзия» өлеңін оқиды Өмірбек Жанерке)    

2-жүргізуші:
- Мұқағали жырлары ел-жұртының қосаңдап бара жатқан жан әлемдік сәуое шуағымен әрлендірер, қуат берер күші болып отырғаны шындық. «Үш бірдей бақытым бар алақанда, Мені мұндай бақытты жаратар ма?» деп жырлаған ақынның «Үш бақытым» өлеңін( Исабеков Дильшат)

1-жүргізуші: 
- «Мұқағали-құдіретті ақын. Оның поэзиясы – даналықтың көзі. Бізде поэзия дәуірі басталды» дейді ақын Әбділдә Тәжібаев. Иә, Мұқағали ағаның өлеңдері-мәңгі өлмейтін поэзия.
Мұқағали жырларының тақырыбы әр алуан, әр өлеңінің өзі жаңа дүние достық, ел туралы,жырлау барлық ақынның перзенттік парызы.     

2-жүргізуші:
- Поэзия әлемінде туған жер, Отан, ел туралы ән де, өлең де аз емес. Ал, соның ішінде Мұқағали Мақатаевтің бұл тақырыпқа арналған өлеңдерінде өзгеше жылу, сыршылық, жан-жүйені шымырлатар қасиет бар. Қай-қайсымыз болсақ та, толқи тебірене әндеткіміз келіп тұрады.  « Сары жайлау» әні орындайтың Макашева Наргиз.


Қорытынды: 
Білемін керемет бір күн келеді,
Жайнайды, жасыл бағым гүлденеді
Көремін керемет бір күн кешемін,
Болашағым сенімен бірге өсемін, - деп өз заманымен ғана емес, болашапен бірге өмір сүретінін ақын білді, ол жырларының болашағына сенді.
Жылдар өтер... Әлі не бір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдыретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашан да биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәнгілік жасай бермек деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 533


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст