22.01.2020
«Тәуелсіз ел - ұландары»
атты викториналық сайыс
Мақсаты: Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы мағұлмат беру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, балаларды туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
кітапханашы:
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Бабалардың ғасыр бойын арманын,
Білесіздер бүгінгі ұрпақ жалғарын.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолына алу жолында
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.
–дей отырып, «Тәуелсіз ел - ұландары» атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі шарамыздың мақсаты сонау ғасырлар бойы «Елім» деп еңіреген ер- ұлдарымыз өздерінің ержүрек- тілігімен, батырлығымен тарихта үлкен орын алса, бүгінгі жас ұрпақ өз білімімен, зеректілігімен, зейінділігімен, таланттылығымен білім көзін игерсін деген ой түйгізу.
кітапханашы: Шарамызды «Мен қазақтың баласымын» атты поэзия минутымен бастаймыз
1 кезең: «Жүзден жүйрік» викториналық сұрақтарға жауап беру.
Викториналық сайысымызға төрт топ қатысады.1 топ «Абылайшылар», 2 топ «Бауыржан бауырлары», 3 топ «Қайраттың ізбасарлары», 4 топ «Желтоқсан қырандары». Әр команда төрт мүшеден тұрады. Топтың команда капитаны басқарады. Ал, ендеше бастаймыз.
кітапханашы:1топқа:
- ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)
- Әнұран авторларын ата. (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,әні: Ш.Қалдаяқов)
- Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)
- Қазақстанның рәміздерін ата? (Елтаңба,Әнұран, Ту)
- Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
- Қазақстан Республиканың мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
- Қазақ ертегілерінде қандай кейіпкер кездеседі? (Алдар Көсе, Ер Төстік)
- 2 топқа:
- ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз1995ж.)
- Тудың авторын ата. (Ш.Ниязбеков )
- Ұлы Отан соғысының батырларын ата.(Ә.Молдағұлова,М.Мәметова, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлыт.б.)
- Қазақтың үш биін ата. (Әйтекеби, Төлеби, Қазыбекби)
- 1846 жылы туып, 1945 жылы қайтыс болған ақын. (Ж.Жабайұлы)
- Астананың символы? (Бәйтерек)
- «Кел, балалар, оқылық» -өлеңін кім жазды? (Ы.Алтынсарин)
кітапханашы: 3 топқа:
- ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды?(1991ж)
- Білім күні қашан тойланады? (1-қыркүйек)
- Желтоқсан құрбандарын ата. (Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,
С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев т.б.)
- Қазақстанның ежелгі ғалымын ата. (Әл-Фараби)
- Араб әрпі негізінде балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім? (А.Байтұрсынов)
- Астананың бұрыңғы атауы? (Ақмола, )
- Қазақ дастарқанының ең басты тағамы? (Ет)
- 4 топқа:
- 16 желтоқсан - қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
- Елтаңбаның авторларын ата. (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)
- Абайдың шын аты. (Ибраһим)
- Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
- Үш жүздің басын біріктірген хан. (Абылай хан)
- Қазақстанның бас қаласы? (Астана)
- Қазақтар тұрған үй? (Киіз үй)
кітапханашы:Слайд-шоу «Қазақстан - кеше, бүгін, ертең»
кезең: «Сөздің көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру.
1 топқа:
- Отан- … (отбасынан басталады).
- Еңбек етсең ерінбей, .......(тояды қарның тіленбей)
- Ердің көркі-ерімен… (Отан көркі-жерімен)
- Ел іші… (алтын бесік)
- Жері байдың … (елі бай)
- Батыр туса-ел ырысы, …(Жаңбыр жауса-жер ырысы)
кітапханашы: 2 топқа:
- Отан үшін отқа түс-күймейсің,…(Арың үшін алыссаң-өлмейсің)
- Атаның баласы болма.............(адамның баласы бол)
- Туған жердің жері де көрікті …(елі де сүйікті)
- Диқаншы жерін мақтайды… (Балықшы көлін мақтайды)
- Жүк ауырын нар көтерер… ( Ел ауырын ер көтерер)
- Алтау ала болса-ауыздағы кетер,… (Төртеу түгел болса-төбедегі кетер)
кітапханашы: 3 топқа:
- Елінен безген-ер оңбас,… (көлінен безген қаз оңбас)
- Білекті бірді жығады.........(білімді мыңды жығады)
- Жақсының аты өлмейді,…(ғалымның хаты өлмейді)
- Ер жігіт ел үшін туады,… (ел үшін өледі)
- Іргесі берік елді жау ала алмас…(Аузы бір елді дау ала алмас)
- Жақсы болсаң-… (жақын көп)
- Отансыз адам-… (ормансыз бұлбұл)
- Туған жердей жер болмас,… (Туған елдей ел болмас)
- Жүз теңген болғанша.............(жүз досың болсын)
- Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер,…(Ер басына күн туса
Етігімен су кешер)
- Еліңді сүйсең- … (ерлік істейсің)
- Дұшпан күлдіріп айтады.........(дос жылатып айтады)
3. «Желтоқсан желі» бейнеролик көрсету.
кітапханашы: Әр топ өз тәуелсізге арналған сурет салады.
кітапханашы: Қорытыңды кезең.
Ұтқан командаларға диплом табыстау
1 кітапханашы: «Желтоқсан алауы»
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін, ұлы күн!
Үміті боп елінің,
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардың ,желтоқсан,
Елдің ұлы мейрамы,
Жаңа шыққан көктемдей.
Жаз күніндей жайдары,
Арымыздай тап – таза,
Жанымыздай шуақты,
Көтерілді биікке,Қазақстан байрағы!
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған,
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан,
Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін,
Тәуелсіздік туыңды,
Биік көтер, жас ұлан!
- дей шарамызды аяқтаймыз.
Кітапханашы: Нагиманова А. Д.