"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"1001 мақал-101 жұмбақ". 4 сынып

21.01.2020

Өлеңті орта мектебі

«1001 мақал,101 жұмбақ»

сайыс сабақ

Өткізген: Алданыш Айнагуль

2019 -2020 оқу жылы

19.09.2019 ж     4 «А» сынып

Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ.
Мақсаты1.Білімділік:
Мақал-мәтел,жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге үйретіп, олардағы негізгі ойды білдіру.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың тіл байлығын арттырып,ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік:Адамгершілікке,адалдыққа тәрбиелеу.Ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға,мақал-мәтел,жұмбақ,шешендік өнер арқылы өз елінің тарихын білу,әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу. 
Әдіс-тәсілдер: Сайыс түрінде.
Көрнекілік құралдар: Жазылған нақыл сөздер,шарлар
Барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Негізгі бөлім.
3.Қорытынды. 
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Ортаға оқушылармен шығу

Қазақ тілім өз тілім,ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.

-Мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен мазмұны тереңдей, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын ашық деп жариялаймын.
І кезең  - «Тапқырлық»
І қатар

1.Еңбектің наны тәтті…..Жалқаудың жаны тәтті
2.Білікті бірді жығады…Білімді мыңды жығар
3.Өзге елге сұлтан болғанша…Өз еліңде ұлтан бол                                                                   

4.Жылай - жылай құдық қазсаң,... (Күле - күле су ішерсің)                                                                  

5. Жолдасы жақсы жолды болар,... (Жолдасы жаман қолды болар                                                           

6. Сабырлы жетер мұратқа,... (Асыққан қалар ұятқа)                                                                           

7. Ағасы бардың жағасы бар,... (Інісі бардың тынысы бар)
ІІ қатар
1.Ата көрген оқ жонар…Шеше көрген тон пішер
2.Балапан ұяда не көрсе…Ұшқанда соны ілерсің
3.Гүл өссе-жердің көркі…Қыз өссе елдің көркі                                                                              4.Туған жердің күні де...(түні де ыстық)                                                                                     5.Білетінің бір тоғыз...(білмейтінің тоқсан тоғыз)                                                                               6.Күш білімде,....(білім кітапта)                                                                                                                ІІІ қатар
1.Отансыз адам…Ормансыз бұлбұл
2.Ел іші…Алтын қазына
3.Отанды сүю…Әр адамның парызы                                                                                                       

4. Жаздың бір күні... (қыстың мың күнін асырар)                                                                             

  5.Туған жердей жер болмас...(туған елдей ел болмас)                                                                    

6.Қына тасқа бітеді...(білім басқа бітеді)                                                                                         

  Осы үш қатардан шыққан жеңімпаздар келесі сайысқа шығады.
- Сайыскерлерімізді ортаға шақырып , алғашқы айналымды бастаймыз. Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Аз смайлик алған ойыншы, ойыннан шығады.
1.Туған жердей жер болмас... Туған елдей ел болмас
2. Бірлік болмай... Тірлік болмас
3.Оқу – білім бұлағы...Білім өмір шырағы
4.Туған жердің күні де ыстық...Түні де ыстық
5.Еңбек етсең ерінбей...Тояды қарның тіленбей
6.Оқусыз білім жоқ...Білімсіз күнің жоқ
7.Жүз теңгең болғанша...Жүз досың болсын
8.Еңбек түбі береке...
9.Тіл тас жарады...Сөз бас жарады
10.Оқу инемен...құдық қазғандай
Ойыннан шығушы сайыскерімізге шағын сыйлығымызды ұсынамыз.  

ІІ кезең - «Мақал – сөздің мәйегі»
Ортада үш мақалшы ғана қалады. «Соль» кілті салынған суреттердің астынан шыққан сөздерден мақалшыларымыз мақалдар құраулары керек. Көп құраған ойыншымыз жеңімпаз атанады. Ойыннан шығып қалған мақалшымызға шағын сыйлығымызды ұсынамыз.
-Ал,енді «Көрермендер көрімдігі» айдарына да кезек жетті.
Көрермендерге мақалдың бірінші жолы айтылады, олар екінші жолын жалғастырады.
1.Қына тасқа бітеді...
2.Ер ел үшін туады...
3.Жаңбыр жауса жер ырысы...
4.Қоянды қамыс өлтіреді...
5.Ырыс алды қызыл тіл...
6.Әдепті бала- арлы бала...
7.Жақсыдан үйрен...
 ІІІ кезең  -«Алғыр болсаң шешіп көр»                                                                                                -Ал, енді жұмбақшыларымызды таңдайық.
І қатар.
1.Адамға серік,
Күзетке берік.(ит )
2.Құстан аумайды,
Көкке заулайды.(ұшақ)
3.Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды.(жапырақ) 
ІІ қатар.
1.Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.(күн)
2.Суда қалқиды, 
Жылуда балқиды.(мұз)
3.Біліммен мол сый-осы,
Балғындардың ұясы.(мектеп)
ІІІ қатар.
1.сырт-сырт соғады,
Уақыт озады.(сағат)
2.Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.(ай)
3.Тілі бар өзінде,
Сөзі бар ізінде.(қалам)
-Ортаға үш жұмбақшы шығады. Аз смайлик жинаған ойыншы ойыннан шығады.


І-айналым.
1.Білімнің жол басшысы,шәкірттің қолбасшысы.(мұғалім)
2.Сағат сайын соғылады,тек мектептен табылады.(қоңырау)
3.Жұқа тақтай бөлшегі,ұзындықтың өлшемі (сызғыш)
4.Шәкірттің кезгені,білімнің безгені (баға)
5.Төрт қырлы, өзі аппақ, тақтадағы ізі аппақ(бор)
6.Доп сынды келбеті,онда бар түп-түгел,әлемнің әлпеті(глобус)
7.Білім менен тәлім,парақты ашқанда,беттерінен мәлім(күнделік) 
8.Қабы салу,ліні бояу(қарындаш) 
9.Ұшылмен қазық,тор көзді жазық,
Үстіне өттім,асыл сөз жазып.
10.Бірін-бірі қоштаған,бір үйден көрдім, 42 дос жаран. 
Ойыннан шыққан сайыскерлерімізге  сыйлықтар ұсынылады.
ІІ-айналым.
Қалған екі жұмбақшыға жұмбақ жасырылады.
1.Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.(ерін)
2.Қорыққанда жем аяқ,
Отырғанда темірдей-ақ.(қоян)
3.Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық.(сәбіз)
4.Күмбез сынды кең сарай,
Еш жерде жоқ тең сарай.(аспан)
5.Өзі ащы,дәмді етер асты.(тұз)
Ойыннан шығушы сайыскерімізге шағын сыйлық ұсынылады.
-Кезек «көрермендер көрімдігі»айдарына да келіп жетті.
1.Қимылдаса қос шебер,қыруар-қыруар іс өнер(қол)
2.Жүрсе ізі жоқ,сойса қаны жоқ(қайық)
3.Белі бүкір,алысқа түкір(мылтық)
4.Үй үстінде ұсақ тас(жұлдыз)
5.Жазда қыдырады,қыста тығылады(аю)
6.Оқушыға күнде еріп,жүретін не?(күнделік)
7.Аспан түстес сұйық,әркім ішер құйып(су)


ІІІ кезең.  «Алғыр болсаң шешіп көр»
-Ортаға жұмбақшы мен мақалшы шығады.Жасырылған жұмбақты жұмбақшы шешеді,ал мақалшы соның жауабына мақал құрайды.
1.Аспаннан домалап көп моншақ төгілді,
Бусанып жөн алып,терілді,керілді(жаңбыр)
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
2.Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды(балық)
Балық басынан шірейді.
3.Қатар-қатар тас қойдым,
Жирен атты бас қойдым(тіл мен тіс)
Өнер алды-қызыл тіл.
Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге тарайды.
4.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама(кітап)
Кітап-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы...
-Ендеше,барлығымыз жеңімпазымызды қошеметпен ортаға шақырып марапаттайық.
Жеңімпаз арнайы дайындалған дипломмен марапатталады.
Қорытынды.
Біздің тіліміз - ең қымбат мүлкіміз, оқушылар. «Қазақ тілі – бай, оралымды тіл» деп           Ғ. Мүсірепов атамыз айтпақшы, өз ана тілімізді шұбарламай, ең бірінші өз тілімізде өзіміз еркін де сауатты сөйлейік. Сонда ғана біздің, жастардың тілімізді сақтап қалуға, дамытуға қосқан үлесіміз болмақ.

Просмотров: 625


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст