"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас маманмен жұмыс

21.01.2020

  Өлеңті орта мектебінің математика және физика пәнінің мұғалімі Охан Майрагүлдің 1-жартыжылдық бойынша тәлімгерлік есебі.

Жас маман: биология  пәнінің мұғалімі Худайбергенова М.Ш.

2019-2020 оқу жылының басында мектебімізге келген жас маман, биология  пәнінің мұғалімі Худайбергенова Маъмура Шакирбековнаға тәлімгер етіп бекітілдім.

Оқу жылының басында оқу жоспарын жазу,  бағдарламаға сай  күнтізбелік          жоспарды қалай  жазуды үйреттім.
Сонымен қатар қиындық туғызатын кейбір  тақырыптарды талдап,  талқыладық, дидактикалық материалдарды қалай дайындау керек екендігін қарастырдық.

   Осыдан кейін, мектеп құжаттарын жүргізу туралы  нұсқаулық берілді, оның ішінде электронды сынып журналын толтыру, жеке іс -қағаздарының жүргізілуі түсіндіріліп,  журнал толтырғанда ережеге сәйкес толтыруын қадағалап отырдым.

      Жас маманға әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас маманның сабақтарына қатысып, ақыл кеңес беріп отырдым.  

      Заман талабына сай жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын сыныптарда сабақ беретін болғандықтан, сабақта жаңа әдіс тәсілдерді қолдану тиімділігін үнемі көрсетіп отырдым. Жас маманның өзі өздігінен көп ізденеді, әр сабағын қызықты етіп өткізуге тырысады. Оқушыларға қосымша дидактикалық материалдарды көп қолданады, оның ішінде деңгейлік тапсырмаларға көп көңіл бөледі.

     Тоқсандық есеп түрлерімен таныстырып, есепті қалай жасау керектігін түсіндірдім. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жұмыс істеудің тиімділігін көрсеттім.

     Қараша айында жоспар бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жақсы, жоғары деңгейде өтілді.

     Жас маман осы жарты жыл істеу барысында көптеген нәрселер үйренді, әрқашан ізденіс үстінде болды.  Өз білмегендерін үнемі сұраудан жалыққан емес. Өте еңбекқор, берілген тапсырманы уақытында орындайды. Жас маманның болашағынан үлкен үміт күтуге болады деп ойлаймын.

 

   

   

 

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст