Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және ағымдағы жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Өтініштерді электронды түрінде қабылдаудың соңғы күні 1 тамызға дейін.
1-сыныпқа қабылдау электрондық үкіметтің Еgov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Келесі құжаттарды ұсына отырып:
Құжаттар толық емес болса қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады!!!
Мектепке қабылдау туралы барлық сұрақтар бойынша мектеп директорына хабарласуларыңыз қажет. Жұмыс телефоны: 8 (716-33) 36-1-05