"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып арасында аудандық "Абай оқулары"

17.04.2026

  2026 жылдың 14 сәуірінде бастауыш сынып оқушылары арасында    аудандық «Абай оқуы» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларның классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен Абай  шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Аталған іс -шараға мектебімізден «Абай әлемі» клубының (Жетекшісі Залгаринова А.И.) 8 мүшесі қатысты. Барлық оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:

1 номинация - «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Барлығы 4 оқушы қатысты.

1.Нұрбек Альбина, 1- сынып (3- орын). Мұғалімі  Жетпісбаева А.Т.

2.Хибат Ермұрат, 2- сынып (3-орын). Мұғалімі Рыздық Жанаргүл

3. Далелхан Мадина, 3- сынып (3- орын). Мұғалімі Исабекова С.Е.

4. Дауренқызы Раяна,4- сынып (2- орын) Мұғалімі  Шоқаева А.Т.

2 номинация - «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.Барлығы 2 оқушы қатысты.

1.Уалихан Бағдәурен, 3- сынып (2- орын) Мұғалімі Исабекова С.Е

2. Рахат Гауһар, 4- сынып (2- орын). Мұғалімі  Шоқаева А.Т.

3 номинация - «Абай  шығармалары» номинациясы бойынша жоба қорғау. Қатысушы 1 оқушы.

Серик Алькарим, 3- сынып. (3- орын). Мұғалімі  Исабекова С.

4 номинация - «Абай  әлемі» Абай  шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу. Қатысушылар – 4- сынып оқушылары. Қатысушы – 1 оқушы.

Сейсенбай Амина, 4 – сынып(3- орын). Мұғалімі Шоқаева А.Т.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

      

 

 

Просмотров: 1603


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст