Текст
10.10.2025
Эстетикалық цикл мұғалімдерінің апталық жоспарына сәйкес, технология пәні мұғалімдері Жүзбаева Сагадат Сагиновна және Хайрат Ержанат 5-7 сынып оқушылары арасында «Шебер қолдар» атты сыныптан тыс шара өткізді.
Бұл шараның мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қолөнер мен эстетикаға қызығушылығын арттыру, оқушыларда ұқыптылық, икемділік және еңбекқорлық тәрбиелеу. Байқауға әр сыныптан 2 оқушы қатысты. Оқушылар күнделікті қолданатын материалдардан ерікті тақырыпта өте көркем қолөнер бұйымдарын жасады, кейін сол бұйымдарын қызықты әрі қиялмен қорғады. Шара өте қызықты өтті, айтылғандай, шебердің қолы – өнердің көзі. Әр қатысушыға шығармашылық жетістіктер тілейміз!

