Құрметті ата-аналар!
Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне үндеу тастаймыз: балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің артуына байланысты, олардың қайда жүргенін бақылауға алып, жеке қадағалауды күшейтулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің ілесуінсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. Бұл талаптың бұзылуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады және кейбір жағдайларда орны толмас қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін – баланың да, отбасының да тағдырына әсер етуі ықтимал.
Кешкі және түнгі уақытта көшеде жүрген балалар, әсіресе теріс пиғылды ортаның ықпалына түссе, мынадай қатерлерге тап болуы мүмкін: құқық бұзушылық, бейәлеуметтік топтарға тартылу, қайғылы оқиғалар және зорлық-зомбылық.
Сіздерден өтініш:
балаңыздың қайда және кіммен жүргенін күнделікті біліп отырыңыздар;
оның түнгі уақытта қараусыз көшеде жүруіне жол бермеңіздер;
балаңызбен жеке қауіпсіздік, жауапкершілік және заңға құрмет туралы жиі сөйлесіп отырыңыздар.
Балалардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік – алдымен ересектердің міндеті.