23 мамырнда Өлеңті ауылының жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып оқушыларына арналған "Соңғы қоңырау" мерекесі өтті.
Мектеп директоры Г.Т. Жаниева оқу жылын қорытындылап, оқушылардың жетістіктерін атап өтіп, мұғалімдер мен ата-аналарға бірлесіп жұмыс істегені үшін алғысын білдірді. Үздік оқушылар үздік оқуы үшін мақтау қағаздарымен, сондай-ақ мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар жыл бойы әртүрлі аудандық, облыстық іс-шараларға қатысқан үшін мектеп мұғалімдері аудандық білім бөлімінен мақтау қағаздарымен марапатталды
9-сынып және 11 сынып оқушыларының көрсеткен өнерлері ерекше әсерлі болды, олар үшін бұл қоңырау жаңа кезеңге алғашқы қадам болды. Балалар өлеңдер, әндер мен билер дайындады, мұғалімдер мен ата-аналарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Мереке естелік фотосуреттермен және, әрине, мектеп түлектеріне жақсы тілектермен аяқталды.