Текст
Бір жыл бойы бойларына сіңірген білім деңгейін ата-аналарға көрсету, бір-біріне деген сыйластық көзқарасында тәрбиелеу мақсатында мектеп шағын-орталығында «Қош бол балабақша» атты салтанатты іс-шара өтті.
Балалардың көрсеткен өнерлері ерекше әсерлі болды, балалар өлеңдер айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Тәрбиеші Соспанова Жулдыз Серікқызы ата-аналарға жыл бойы қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, ата-аналар да өз тарапынан жақсы тілектер айтты.