Текст
8 мамырда мектепте Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған сап түзеу және ән байқауы өтті
Іс – шараға қатысушы 1-10 сынып оқушылары қатысты. Олар Жеңіс, сарбаздар туралы әндерін жаттап, сапта жүру тәсілдерін көрсетті.
Байқауды АӘжТД оқытушысы Нұрбек Ә.Н. ашты. Байқау барысында оқушылар саптан өтіп, ән орындады. Оқушылардың барлығына бұл қатты әсер етті. Байқау қорытындысында қазылар алқасы қорытынды шығарды. Содан кейін мектеп директорының ОІЖ орынбасары Шокаева А.Т. барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, әрбір қатысушы өзінің ең жағымды қасиеттерін көрсеткенін – жауапкершілік, ұжымда үйлесімді жұмыс істей білу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін атап өтті