«Химия сиқыр емес, ғылым!» сыныптан тыс іс- шара
Өткізу форматы: Сайыс
Өткізу уақыты: 30.01.26 ж
Өткізу орны: Химия кабинеті
Қатысушылар: 8 және 9 сынып оқушылары
Мақсаты: 8-9 сынып оқушыларының химия пәніне деген қызығушылығын арттыру. Осы негізде оларға сабақтан тыс қызықты химиялық және логикалық сұрақтар қойылады.
Ережесі: Әр сыныптан 3 оқушы қатысады. Жарыс 3 кезеңнен тұрады, бірінші кезең топтық жұмыс. Әр топ тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Екінші кезең де топтық жұмыс. Әр топ химиялық сәйкестендіруды орындап, өз топтарына барынша көп ұпай жинауға тырысады. Үшінші кезең топ басшылар жарысы. Берілген имиялық элемент атауларына сай келетін элемент таңбаларын табуы керек. Қай топтың басшысы бірінші болады сол топ жеңіске жетеді.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары» демекші, шындығында да бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.
8-10 сыныптар арасында таңғажайып сыры мол химия пәнінен өткізілгелі отырған «Қызық екен» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!
Тақтада 16 ұяшық көрсетілген, әр ұяшықта бір сұрақ және төрт жауап нұсқасы бар. Жауап нұсқаларының тек біреуі дұрыс. Әр топқа сегіз сұрақтан сәйкес келеді, демек бірінші кезеңде ең жоғары балл – 8 балл.
Екінші кезең де топтық жұмыс, ең жоғары балл- 8 балл.
Үшінші кезең топбасшылар сайысы – 5 балл
Біз бәріміз келер болашақтың ұрпағымыз.
Химия - қызықты да, күрделі ғылым. Біз ғылымның жаңа баспалдағына, заттар, элементтер әлеміне кірдік. Әлі алда қаншама танысатын, оқитын, үйренетін нәрселер бар...
Химия ғылымы басқа да ғылымдармен мәселен, математикамен, физикамен, биологиямен тығыз байланысты. Химия адамдардың өміріне қажетті жағдай жасайтын ғылым. Сондықтан да оны оқып-үйренуіміз абзал, жас дос!