Тақырыбы: “Қызық екен”сайысы
- Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі туралы білімін анықтау ;
-Батыл ,ержүрек, өз елін жерін сүйетін, Отанын қорғайтын тұлға тәрбиелеу.
- Батырдың нақыл сөздері арқылы тәрбиелік үлгі беру.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін біз қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлылының 115 жылдығына орай арналған Қызық екен сайысын өткізгелі отырмыз.
“Ерлік – елдің қасиеті,қайсарлық-қазақтың мінезі”демекші
Бауыржан атамыздың өмірі – батырлық пен адамгершіліктің асыл үлгісі болып келеді.
Бүгінгі өтетін іс-шара сайыс түрінде өтетін болғандықтан әділ қазылар алқасын таныстырып өтейік.
1 Сейсенбай Еркегуль -қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2 Нагиманова Айгуль Дюсенбаевна -мектептің кітапханашысы
3 Хабай Сайрангуль- мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Әділ қазылар алқасы біздің сайыста әділ бағасын беріп,ең белсенді, тапқыр және білімді топты марапаттайды.
Енді ортаға бүгінгі сайысқа қатысатын ойыншыларымызды шақырайық.
3”A” сынып
1 Уалихан Бағдәурен
2 Дәлелқан Мәдина
3 Жанаева Альмира
4 Нұрбек Динара
5 Ықылас Нұрасыл
4 “А” сынып
1 Жұмабек Айзере
2 Бақытбекұлы Алихан
3 Жырғаухан Ислам
4 Жанат Абдухамит
5 Нұрбек Олжас
Әр топ өздерін таныстырады.
Сайыcтын шартымен таныстыру .
Тақтада сұр ақтар мен төрт жауап нұсқасы көрсетіледі.
Бірақ сол төртеуінің біреуі ғана дұрыс болады.
Әр дұрыс сұраққа 1 ұпай беріледі.
1 сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі,егер жауап бере алмаса қарсылас топ жауап беруге болады.
Сайыс соңында қай топ көбірек жауап берсе сол топ жеңімпаз атананады!
2 Бауыржан Момышұлы қандай ұлт ?-Қазақ
3 Бауыржан Момышұлы қай жылы дүниеге келді?-1910жылы 24 желтоқсанда дүниеге келді
4 Бауыржан М дүниеге келген жер?-Жамбыл облысы,Жуалы ауданы ,Колбастау ауылында
5 Бауржан М алғаш қай салада еңбек еткен?-мектеп мұғалімі
6 Бауржан М қандай адам болды?- Батыр,тәртіпті ,талапшыл
8 «Мәскеу үшін шайқас» шығармасы не туралы? -Соғыс ерліктері
9 «Ұшқан ұя» шығармасы не туралы?-Бала Бауыржанның балалық шағы мен отбасындағы тәрбиесі туралы
7 Бауржан Момышұлының қандай танымал шығармалары бар? –«Мәскеу үшін шайқас» «Ұшқан ұя»
10 Бауыржан Момышұлы еліміз үшін қандай ерлік жасады?-Елін,жерін қорғады
11 Ол Ұлы Отан соғысына қай жылы қатысты?-1941 жылы
12 Ол әдәбиет саласында қандай жаңалық әкелді деп ойлайсың?-Шынайы өмірді,ерлікпен батырлықты көрсету
13 Бауыржан Момышұлы қандай тілдерді білген?- Қазақ және орыс тілін білген
14 Бауыржан Момышұлы батырлығы қай шайқаста танылған?-Мәскеу шайқасы
15 Бауыржан Момышұлы қай жылы дүниеден озды?-1982 жылдың 10 маусымында қайтыс болған
Балалар енді әділ қазылар алқасы жауаптарын айтқанша,ойын ойнайық “Батырды таба біл!” ойыны тақтаға тұлғалардың есімдері мен суреттерді қате орналастырамыз. Оқушылар дұрыс сәйкестендіру керек.Әр дұрыс жауапқа 1ұпай қай топ көп ұпай жинайды сол топ жеңіске жетеді.
- Бауыржан Момышұлы балалық шағында да батыл, әділ болған.
- Ол кішкентай кезінен ата-анасының тәрбиесіне берік, өзінен кіші балаларға үлгі көрсеткен.
-Бауыржан атамыз бала кезінде кітап оқуды жақсы көріп,елін қорғауды армандаған.
- Бала кезінде де жақсылыққа құмар, адамдарға көмектескен.
- Жас кезінде оқу мен тәртіпті жақсы көрген.
Бүгінгі іс-шарамыздың нәтижесін білу үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Қай топ бүгін жеңімпаз атанғанын бірге көрейік!
Бауыржан атамыздың өмірі – батылдық пен адалдық үлгісі.
Оның есімі мәңгі жүрегімізде сақталады.
«Ерлік – елдің қасиеті,
Қайсарлық – қазақтың мінезі» демекші, бүгінгі іс-шарда біз батырлықтың, тәртіп пен бірліктің маңызын тағы бір дәлелдедік . Іс -шараға атсалысып, қызығушылықпен қатысқан әр оқушыға және қолдау білдірген ұстаздар мен қонақтарға шын жүректен рақмет айтамыз. Сау болыңыздар!