Мектеп: «Өлеңті ауылының ЖОББМ»КММ
Өткізген : Охан М.-математика пәні мұғалімі
Сабырова Г.К.-география пәні мұғалімі
Мукашев Н.А.-биология пәні мұғалмі
«21 ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»
10-сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық сайыс сценарийі
Пәндер: география, биология, физика,математика,
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білімін тереңдету, логикалық ойлауын, жылдам шешім қабылдау қабілетін дамыту, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.
I. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз білім мен тапқырлықты, жылдамдық пен логиканы талап ететін «21 ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысқа жиналдық. Бұл сайыс – ХХІ ғасырдың білімді, жан-жақты, көшбасшы жастарын анықтауға арналған.
Сайысымызға 10-сынып оқушыларынан құралған (8) қатысушы қатысады.
II. САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ
«Таныстыру»
Шарт: Әр қатысушы өзін таныстырады (аты-жөні, қызығушылығы, болашақ мамандығы).
Уақыты: 1 минут
1-кезең. «Жорға» (ең аз ұпай жинаған 2оқушы шығады)
Шарт: Әр пәннен жылдам жауап беруге арналған сұрақтар. Әр дұрыс жауап – 1 балл.
География:
1. Жердің ең үлкен материгі? (Еуразия)
2. Әлемдегі ең ұзын өзен? (Ніл)
3.География ғылымының атасы (Эратосфен)
4.Аустарлияның эндемик жануары (кенгуру)
Биология:
1. Адам ағзасындағы ең үлкен мүше? (Тері)
2. Фотосинтез қай органоидта жүреді? (Хлоропласт)
3.Сүтті тері бездері арқылы бөлетін жануар (ұйректұмсық)
4.Неліктен фотосинтез жасамайды (Күн сәулесі жоқ)
Физика:
1. Жарық жылдамдығының шамасы? (≈300 000 км/с)
2. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
3.Қысымды өлшейтін құрал (барометр)
4.Галиллей тәжірибе жасаған мұнара (Пиза мұнарасы)
Математика:
1. Пифагор теоремасын айтыңыз.
2. Шеңбер ұзындығының формуласы? (2πR)
3.Үш факториал нешеге тең? (6)
4.Сүйір бұрыштың мәні (90 градустан кіші)
2-кезең. «Бәйге» . «Mugalim.tech»платформасында жасалған тапсырмалар. 6оқушы қатысады « иә», «жоқ»)
1-оқушы
2-оқушы
3-оқушы
4-оқушы
5-оқушы
6-оқушы
3-кезең. «Дода» ұяшықтар «Mugalim.tech»платформасында жасалған тапсырмалар. 4оқушы қатысады
Шарт: Қатысушы бір пәнді таңдап, күрделірек сұраққа жауап береді.
4-кезең. «Мәре» «Арқанға өрмелеу» «Mugalim.tech»платформасында жасалған тапсырмалар. 2 оқушы қатысады.
Шарты: ақтық кезеңге шыққан 2 оқушы кезекпен сұрақ жауаптырының дұрыс нұсқасын басып отырады. Дұрыс жауап берген сайын арқан бойы жоғарылай береді. Кім бірінші болса, жеңімпаз
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізуші:
Білімді мыңды, білекті бірді жығар демекші, бүгінгі сайыста өз білімін дәлелдеген оқушыларды құттықтаймыз!
Марапаттау:
«21 ғасыр көшбасшысы» жеңімпаз, жақсы нәтиже үшін дипломдар
Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет! Білім биігінен көріне беріңіздер!