Бекітемін ___________
директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары:
Шокаева А.Т..
Ұйымдастырылған іс-әрекет :«Сауат ашу»
Тақырып :Сөздегі дыбыс пен буын
Мақсаты:Балалардың дыбыс пен әріп туралы білімдерін бекіту, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөз бен сөйлем құрау дағдыларын дамыту.
Міндеті:
· Дыбыстарды ажырата білу, олардың орнын анықтау
· Сөзді буынға бөлу және буын санын анықтау
· Сөйлем құрастыру және сызбасын сызу қабілетін арттыру.
· Жазу жолына дыбыстың таңбасын (әрпін) элементтер арқылы жазу
· Ойын арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Құрал жабдықтар Суреттер, магнит , бағалау парағы
Күні:21.04.2026 уақыты: 09:30
Тәрбиеші: Хабай Сайрангул
|
Іс-әрекет кезеңі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Шаттық шеңбері ( 2мин)
Ұйымдастырушылық кезең (3мин)
Кері байланыс (5мин.)
|
- Балалар, барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне шығып,қонақтарымызбен амандасып алайық
- Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгінгі біздің оқу іс- әрекетіміз күндегіден ерекше. Бүгін біздің тапқырлығымызды, білімімізді бақылауға, көруге қонақтар келіпті, қанекей балалар қонақтармен сәлемдесіп алайық.
-Балалар біз сендермен осы уақытқа дейін не үйрендік?Не білдік? Қайталап өтейікші
-Айтыңдаршы дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар ше?
-Ал біз дыбыспен әріпті қалай ажырата аламыз?
-Сөз нелерден құралады?
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар,енді біз тапсырма орындауға көшейік
Мақсаты: О дыбысының сөз ішіндегі орнын тану
Мақсаты:Сөздегі буын санын анықтап, сәйкес сызбаны табу.
-Жарайсыңдар балалар!
Сергіту сәті «Асықтар үні» сергіту сәті
Графикалық дағдылар Шар мен пирамиданың үзік сызықтарын бастырып жүргізу, бояу.
Түстерді атау: көк, жасыл, сары, қызғылт сары. Қызыл
Жазу элементтері
«О» әрпінің элементтерін жазуды түсіндіру.
Үзік сызықтарды жалғастырып, бастырып жаз. -Балалар өте тамаша! Біз бүгін барлық тапсырмаларды жақсы орындадық. -Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде белсене қатысып отырған балалар,жарайсыңдар! 5. Қорытындылау. Сұрақтар қою.
«Астауға бауырсақтарды салу»
Мақсаты: Оқушылардың сабақ материалын қаншалықты меңгергенін анықтау және өзін – өзі бағалауға баулу. |
Шаттық шеңбері: Армысын Алтын күн Армысын Жер ана, Армысын достарым
- Сәлеметсіздерме!
-Дыбыстар екіге бөлінеді
- Дауысты дыбыстар еркін, созылып айтылады.
- Дауыссыз дыбыстар қысқа айтылады, кедергіге ұшырайды. - Дыбысты айтамыз,естиміз - Әріпті көреміз,жазамыз
- Сөз дыбыстардан құралады.
Орындық – О дыбысы сөздің басында тұр. Сызбаның бірінші бөлігін бояу керек.
Қобыз – О дыбысы сөздің ортасында тұр.
Үстел (Үс-тел) – 2 буын (Ортадағы екі тор көзге қосады.)
Піл (піл) -1 буын (Жоғарыдағы бір тор көзге қосады)
Кенгуру (Кен – гу -ру) -3 буын. (Төмендегі үш торкөзге қосады.)
Трактор (Трак -тор) – 2 буын.(Ортадағы екі тор көзге қосады.)
Баян (Ба – ян) – 2 буын. (Ортадағы екі тор көзге қосады.)
Сергіту сәтін орындайды.
Дәптердегі үзік сызықтарды жалғастырып сызады, және бояйды.
Үзік сызықтарды жалғастырып, бастырып жазады.
Жасыл тақиялы бауырсақ: Мен бәрін түсіндім, маған сабақ өте қызықты болды.
Сары тақиялы бауырсақ:Мен түсіндім, бірақ әлі де сұрақтарым бар.
Қызыл тақиялы бауырсақ: Мен ештеңе түсінбедім, маған қиын болды. |
Мадақтау.
Мадақтау
Мадақтау
Мадақтау
Мадақтау
Мадақтау
Мадақтау
Мадақтау
|
|
