Тексерген:
Алиманов А.Ж.
Шокаева А.Т.
Білім беру ұйымының атауы:«Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы: Қазақтың кәсіби музыкасы.Дәстүрлі күйшілік өнер
|
Бөлім: Классикалық музыканың үздік туындылары |
|
|||||
|
Педагогтің аты – жөні: Хуралхан Б.Х. |
||||||
|
Күні 10.10.2025ж.
|
|
|||||
|
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Қазақтың кәсіби музыкасы.Дәстүрлі күйшілік өнер |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.1.1.1 тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау. |
|||||
|
Сабақ мақсаты: |
|
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақ басы 3 мин
7 мин
Сабақ ортасы
10 мин
20 мин
|
I.Ұйымдастыру кезің: Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу 4 топқа бөлінеді: I топ – «Домбыра» II топ – «Жетіген» III топ – « Қобыз» IV топ – «Шертер»
II. Үй тапсырмасын тексеру: Балет өнері дегеніміз не? Ермек Серкебаев кім? Шара Жинеқұлова жайында әңгімеле? III.Жаңа сабақ Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, балалар, дәстүрлі күйшілік өнер. Күй – қазақтың домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы т.б. сияқты ұлттық музыка аспаптарында орындалатын әуен-саз. Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғи құбылыстар, тарихи оқиғалар, Жан-жануарлар, түрлі оқиғалар суреттеледі. Күй тақырыбына, мазмұнына қарай аңыз күй, тартыс күй, лирикалық болып бөлінеді. Домбыра күйлері орындалу мәнері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай «Төкпе және Шертпе » деп екі түрге бөлінеді. Төкпе күй - оң қолдың саусақтары бірігіп, жоғары төмен серпіліп орындалатын күй. Шертпе күй - оң қолдың саусақтарымен шертіліп орындалатын күй (Домбырада ойнап көрсету)
ХІХ ғ. Күйшілік өнердің одан әрі дамуына Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Сүгір, Ықылас, Қазанғап, Абыл сияқты күйшілер өз үлесін қосты. IV.Топтық жұмыс: I топ – «Домбыра» – Құрманғазы Сағырбайұлы Өмір баяны шығармашылығы II топ – «Жетіген» Тәттімбет Қазанғапұлы Өмір баяны шығармашылығы III топ – « Қобыз» «Саржайлау» Күйінің шығу тарихы IV топ – «Шертер» «Адай» күйінің шығу тарихы Сергіту сәті: Би, биле биле |
Оқушылар қағаздарда жазылған музыкалық аспаптар атаулары бойнша топқа бөлінеді
Оқушылар үйге берілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді
- Қазақ халқының дәстүрлі күйшілік өнерімен танысады;
– Әр топ берілген композитор жайлы, оның өмірбаяны, шығармашылығы жайында постер жасау арқылы түсіндіреді. Берілген күйлердің шығу тарихын түсіндіреді
Постер қорғаған топты бағалайды |
Ауызша бағалау
Шапалақ соғу арқылы |
Музыка аспабы – домбыра, Интерактив тақта, Power Point бағдарламасында дайындалған слайд. Композиторлардың суреттері.
|
||
|
Әр топ оқушылары құрастырған постерлерін қорғайды. |
||||||
|
Сабақ соңы 5 м |
V.Рефлексия 1.Мен не білдім? 2.Бүгін мен не үйрендім? 3.Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? 4.Қай тапсырманы мен оңай орындадым?. VI. Үй тапсырмасы: Күйшілер туралы кітапша жасап келу |
Сабақты қаншалықты меңгергендерін түсті таңдау арқылы бағалайды |
Бас бармақ әдісі арқылы |
|
||