"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ биология пәні "Митоз. Митоз фазалары"

Қысқа мерзімді жоспар

Тексерген директордын оқу - ісі жөніңдегі орынбасары            _________Шокаева А.Т.

Алиманов А.Ж.

Мектеп

«Өлеңті ауылының ЖОББМ» КММ-сі

Бөлім:

Жасушалық цикл

Педагогтің аты-жөні:

Мукашев Н.А.

Күні:

22.01.2026

Сыныбы:9А

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Митоз. Митоз фазалары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.2.2 - митоздың кезеңдерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Митоз және митоз фазаларын түсіндіріп бере алады.

Сурет бойынша митоз фазаларын ажыратады.

Реттілігін біледі.

Құндылық:

Апта дәйек сөзі: « Әділ заң – бейбіт аспан кепілі» бейбіт өмір арқасында біз көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз, бізден бар керегі сол мүмкіндікті жіберіп алмау.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

 Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып сабақта сәттілік тілейді.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

 

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сәйкестендіру тапсырмасы арқылы өткен сабақта алған білімдерің көрсетеді.

Төменде интерфаза кезеңіне қатысты түсініктер мен олардың сипаттамалары берілген. Әрбір түсінікті сәйкес сипаттамасымен сәйкестендіріңіз.

Оқушылар өткен  тақырып бойынша  жұмыс парағында берілген тапсырмаларды орындайды.

Түсініктер:

1. G1 фазасы

2. S фазасы

3. G2 фазасы

4. ДНҚ репликациясы

5. Жасушаның өсуі

6.Бақылау нүктелері

Сипаттамалар:

A. Бұл кезеңде ДНҚ молекуласы екі еселенеді.

B. Жасуша органеллалары көбейіп, жасуша көлемі ұлғаяды.

C. Жасуша бөлінуге дайындық жасап, қажетті ақуыздарды синтездейді.

D. Бұл кезеңде жасуша көлемі ұлғайып, органеллалар саны көбейеді.

E. Интерфаза барысында кездесетін уақытша тоқтау кезеңдері, оларда жасуша циклінің дұрыс жүріп жатқандығы тексеріледі.

F. ДНҚ синтезі жүретін кезең.

Жалпы

2 ұпай

Әр дұрыс

3 жауапқа

1 ұпай

Жұмыс парағы.

Сабақтың ортасы

 

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

 (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

1. Жасушалар қалай көбейеді?

2. Неге сүйектен бұлшық ет ұлпасы пайда болмайды?

Сұрақтарға жауап беру арқасында жаңа сабақ тақырыбына шығады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

 

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп,  талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Мағынаны ашу. Мұғалім бүгінгі сабақ мақсатымен оқушыларды таңыстырады, жаңа сабақ термин сөздерін түсіндіреді.                                              

Оқушылар жаңа сабақ бойынша тірек сөздерді дәптерге жазып алып отырады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, Интерактивті тақта слайд.

Жұмыс парағында берілген тапсырманы орындатады.

 1-тапсырма; митоз фазаларын сипаттап жаз.

Профаза

Метафаза

Анафаза

Телофаза

Жұмыс парағында берілген 1-тапсырманы орындайды. митоз фазаларын сипаттап жазады.

 

Дескриптор. 2-ұпай

Әр дұрыс

2 жауапқа

1 ұпай

Оқулық, жұмыс парақтары.

2-тапсырма: Төменде берілген суретте митоздың қай фазасы екенің анықта.

 

Жұмыс парағында берілген 2-тапсырманы орындайды. митоз фазаларын сурет бойынша тауып анықтайды.

Дескриптор. 2-ұпай

Әр дұрыс

2 жауапқа

1 ұпай

 

Оқулық, жұмыс парақтары.

 

3-тапсырма: Биологиялық диктант.

Жұмыс парағында берілген 3-тапсырманы орындайды. Оқулықпен жұмыс жасап мәтіндегі жоқ сөздерді табады

Дескриптор. 2-ұпай

Әр дұрыс

3 жауапқа

1 ұпай

Оқулық, жұмыс парақтары.

4-тапсырма; Топтық тапсырма. Ковертты аш. тапсырманы орында.

1. Сұрақтар:                                                                                                                                 

   - Митоз нәтижесінде аналық жасушадан формаланатын еншілес жасушалардың генетикалық ақпаратын сипаттаңыз. Неліктен олар аналық жасушаға ұқсас болады?

   - Митоздың генетикалық тұрақтылықты сақтауындағы рөлі қандай? Егер митоз процессінде мутациялар орын алса, бұл неге әкелуі мүмкін?

2. Жағдай:                                                                                                                                    

   Сұрақ: Сіз зерттеу жүргізу үшін қандай тәжірибелер мен бақылаулар жасауыңыз қажет? Митоздық бөліну процесін бақылап, ақаулардың себептерін анықтау үшін, қандай құралдарды пайдалану қажет?

Жұмыс парағында берілген 4-тапсырманы орындайды. Алған білімдерін қолданып проблемалық сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор. 2-ұпай

 

Әр топ оқушылары өз ойымен бөліседі.

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыға 2 ұпай.

 

 

Оқулық, жұмыс парақтары, тапсырма салынған конверт. .

Алған білімді бекіту.

mugalim.tech  жасанды интелект платформасы арқылы

Quiz Battle (Арқан тартыс)

Оқушылар екі топқа бөлініп алған білімдерін қолданып жарысады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта.

Сабақтың соңы

ІV. Ой толғаныс.

Рефлексия

«Жылдам сауалнама»  әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін,  өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

 

Мұғалім оқушыларды  «Жапондық бағалау» әдісі арқылы

ИИ платформа

mugalim.tech

V. Үй тапсырмасы

135-бет, 31 тақырыпты оқу, конспект толықтыру, түсінік айту.

VI. бағалау

Оқушылар өздеріне  1-10 ұпай шкаласы бойынша сабақтағы белсенділігі мен дұрыс жауаптар саңына қарай mugalim.tech платформасында баға қояды.

                     

 


Текст