"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғ Мүсірепов "Ер мінезді Ұлпан"

Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары

 «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ

Педагогтың аты- жөні:    Залгаринова А.И.

66 - сабақ.  3-бөлім.   Адам жанының құпиясы

Күні

18.02.2026

9 «А» сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ер мінезді Ұлпан

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы Ұлпан бейнесін  анықтайды.

Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жасайды.

Құндылықтарға баулу

Шығармашыл бала – ойлы бала 

Әр түрлі таным құралдарын қолдану, әлем туралы білімді   жинақтай алу (тілдік, оқырмандық мәдениет, ақпараттық,

цифрлық ортадағы қызмет)

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың  басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

«Телевикторина TV QUIZ» әдісі

Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады.

Оқушылар сөздердің мағынасын анықтайды.

 

 

mugalim.tech платформасы

2 мин

Қызығушылықты ояту.

«Жұлдызша эффект» әдісі

Экранда жарқыраған жұлдыздар бейнесі шығады.

Әр жұлдыздағы  сөздер:

Әйел теңдігі - Ақылдылық – Қайсарлық  - Отбасы – Жомарттық -Тағдыр

Оқушылар әр сөзді роман-эссемен байланыстырып бір сөйлем айтады.

 

Презентация

 

 

 

2 мин

1 – тапсырма

Берілген үзінділерге сай келетін мақал – мәтелдерді табыңыз.

  1. Есенейді жұрт құрметтейтін де еді, қорқатын да еді. Ұлпанды жұрт әрі құрметтейді, әрі жақсы көреді. Бұдан он жыл бұрын Ұлпанға сұрана келуші еді, осы күні ақылдаса келеді.
  2. Есеней қайтыс болғанда, Сибан деген елде қобылжу бар еді. Бұған дейін Есенейдің атақ – даңқынан ығысып келген өшті – қасты елдер әлдеқашан ұмытылған кектерін еске алмасына кім кепіл? Есеней әулие адам емес- ті.

 

Дескриптор:

Үзіндіге сай мақал – мәтелді табады – 1 балл

Презентация

6 мин

2-тапсырма:

«Уақыттың қақпасы» әдісі

Оқушыларға 3 қақпа беріледі, 3 топқа бөлінеді.

Әр топ қақпаға кіріп, берілген тапсырманы орындайды:

1-қақпа. Ұлпан – арзанға түспейтін қыз.

Ұлпан   өміріндегі «тағдыр бұрылысын» анықтап, әрқайсына 1 сөйлемдік мінездеме береді.

2-қақпа. Ұлпан – менің Есенейім.

«Егер Ұлпан болмағанда…» деген сөйлемді жалғастырып, болашақ туралы пікір құрастырады.

3-қақпа. Ұлпан – ел анасы. (құндылықтар кеңістігі)

Романнан 6 құндылықты таңдап, оған дәлел  келтіреді.

Топтық  жұмыс.

Оқушылар топқа бөлінгені бойынша, тиісті тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

1.Тағдыр бұрылысының маңызын ашып, қысқаша түсіндіреді –

1 балл

2. Логикалық, себеп-салдарлық пікір құрастырып, түсіндіреді –

 1 балл                                      3. 6 құндылықты дұрыс таңдап, әр құндылыққа лайық дәлел  келтіреді- 1 балл

mugalim.tech платформасы

Презентация

15 мин

ЖИ-ді сабаққа кіріктіру

2 – тапсырма.

 «Кейіпкермен сұхбат» әдісі

ЖИ қолдану арқылы тақырып бойынша сұхбаттас.  

Қадамдары:

  1. Тақырып бойынша 3 - 4 сұрақ құрастыр.
  2. Кейіпкермен сұхбаттас.
  3. Сұхбатты ортада оқы.

1 – топ. Ұлпан және қазіргі кездегі басшылық қызметтегі әйелдер

2 – топ. Ұлпан және қазіргі кездегі қыздар

3 – топ. Ұлпан және қазіргі кездегі дипломат адамдар

Топтық жұмыс.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

 

Дескриптор:

1.Оқушылар

өздеріне керекті материалды  алады -1 балл

2.Сұрақты нақты жауап алу үшін дұрыс құрады –

  1. балл

3.Сұрақтар

төңірегінде сұхбат құрастыра алады – 1 балл

Презентация

15 мин

3- тапсырма.

Үзінді мазмұнына сүйене отырып, Ұлпанның атынан Есенейге хат жазыңыз.

Хатта болу керек:

•Ұлпанның  қамқорлығы

•Ел қамы

•Құндылықтардың жалғасуы

•Жан тебірентер ерекше ой

Жеке жұмыс.

Оқушылар  хат жазады.

 

Дескриптор:

1.Хат үзінді мазмұнына сай жазылады -1 балл

2. Критерийлер сақталады –

1 балл

3. Хат құрылымы сақталады – 1 балл

Презентация

Сабақтың соңы

  1. мин

Оқушыларға сурет көрсетіледі.

  • Суретте кім бейнеленген? Кімнің шығармасы?

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

 

 

Леонардо да Винчидің

«Мо́на Ли́за» суреті

 

 Кері байланыс

Рефлексия.

Бағалау нысанасы

 

 

mugalim.tech платформасы

Бағалау жүргізіледі.

 

 

 

Үйге тапсырма

Мұғалім  үйге тапсырма береді.

2 – тапсырма, 196 – бет.

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

    Мо́на Ли́за (итал. Mona Lisa) — бұл шамамен 1503 жылдары итальяндық суретші Леонардо да Винчидің салған суреті. Бұл сурет әлемдегі ең танымалы көркем суреттердің бірі болып табылады. Қайта өркендеу заманына жатады. Луврда (Франция, Париж) қойылған.

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне.

    Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын дәптеріне "Менің Джокондам – Ұлпан" деп жазған екен. Сондай-ақ қаламгер "Тұтқын қыз" атты кітабында былай дейді: "Ұлы суретшімен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек. Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.б. Джоконда да маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдулігі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен жоқ деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абай, Қарқабат, Ақкелің, Домалақ ене, тағы басқа да рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!" деп жазады.

 

 

 

 

 

 

      


Текст