|
Білім беретін ұйымның атауы: |
Өлеңті ауылының ЖОББМ |
||||||
|
Бөлім: |
Махаббат және абырой |
Заманауи қазақ әдебиеті |
|||||
|
Педагогтің Тегі, Аты,Әкесінің аты |
Сейсенбай Еркегуль |
||||||
|
Пән/Сынып: 8 «А» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||
|
Күні: |
13.02.2026 |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Дулат Исабеков «Әпке» драмасы |
Қақпашы |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. |
||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
|
||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Шығармашыл бала – ойлы бала |
||||||
|
ЕБҚ оқушының оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
8.4.3.1 білім алушылардың оқырман дербестігін қалыптастыру; |
||||||
|
Дамыта түзету сабақ мақсаты: |
- білім алушылардың оқырман дербестігін қалыптастырады. |
||||||
|
Сабақ барысы: |
|||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы 1 минут
3 минут
2 минут
Сабақтың ортасы 4 минут
4 минут
6 минут
17 минут
5 минут
|
І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі күнге сәттілік тілеп, сабақты бастау. Топқа бөлу «Киіз үй» әдісі ІІ Үй тапсырмасын тексеру Qr кодты сканерлеп wordwall платформасы арқылы өткен тақырыпты пысықтау
ІІІ Қызығушылықты ояту. Жаңа тақырыпты ән тыңдау арқылы болжау ЕБҚ оқушы. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты суреттер ұсыну
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі.
ІҮ. Жаңа сабақ. Дулат Исабековтың өмірі мен шығармашылығымен танысу
ЕБҚ оқушыға арналған 1-тапсырма. Мәтінді оқы.
Драманың қысқаша мазмұнын тыңдау
1-тапсырма. Жұптық тапсырма «Әдеби детектив» әдісі арқылы шығармадағы пролог пен эпилогті анықтаңдар.
ЕБҚ оқушыға арналған 2-тапсырма Мәтіннен ауыл балаларының есімін тауып айт.
2-тапсырма. Топтық тапсырма «Кинолента» әдісі Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топқа шығармадан бір үзінді беріледі. Берілген үзіндінің сюжеттік желісін (басталуы, шиеленісуі, аяқталуы) анықтаңдар. Үзінді бойынша қысқаша көрініс дайындап, қойыңдар. Берілген үзіндіден қандай құндылықты аңғаруға болады?
ЕБҚ оқушыға арналған 3-тапсырма. Ерікті кім ренжіткенін тауып оқы. Оның неге жылап жібергенін айтып бер.
Бекіту тапсырмасы «Қоржын» әдісі Шығарма мазмұны бойынша қоржынның шашақтарында жасырылған сұрақтарға жауап беріңдер.
ЕБҚ оқушыға арналған бекіту тапсырмасы Ауыл балаларының не үшін төбелескенін тауып, сұраққа жауап жаз. Балалардың жасаған іс-әрекеттері дұрыс па, бұрыс па?
|
Амандасады, сабаққа дайындалады. Оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптасады. Оқушылар оқушылар 3 топқа бөлінеді
Оқушылар Qr кодты сканерлеп, wordwall платформасы арқылы өткен тақырыпты бойынша сұрақтарға жауап береді
Оқушылар әнді тыңдайды, әннің не жайында екенін анықтап сабақ тақырыбын болжайды Берілген суреттер бойынша тақырыпты болжап айтады
Автордың өмірі мен шығармашылығы бойынша әр топқа жеке тапсырма беріледі: 1-топ – Балалық шағы 2-топ – Шығармашылық жолы 3-топ – Драматург
Мәтінді түсініп оқиды.
Сабақ тақырыбы бойынша жасанды интелект арқылы жасалған видеоны көреді
Шығарманың басы мен соңғы бөлігін мұқият оқиды. Пролог пен эпилогтің бар-жоғын анықтайды. Өз шешімдерін мәтіннен дәлел келтіре отырып түсіндіреді.
Ауыл балаларының есімдерін мәтіннен тауып атайды.
Берілген үзіндіні мұқият оқиды. Үзіндінің сюжеттік желідегі орнын анықтайды (басталуы, шарықтау шегі, шешімі). Топ ішінде рөлдерді бөліседі. Диалогтарды мәнерлеп, сахналық қойылымға бейімдейді. Қысқаша көрініс дайындап, сынып алдында орындайды. Сұраққа жауап береді
Мәтіннен қажетті бөлікті тауып оқиды. Ерікті ренжіткен кейіпкерді анықтайды. Еріктің жылау себебін түсіндіреді. Өз сөзімен мазмұндап айтып береді.
Сұрақтарға жауап береді. 1. Ал туған күнің құтты болсын інішек. Қуаныштымыз. Кімнің сөзі? 2. Роман неге «Әпке» деп аталған? 3 Тік мінезді, ойындағысын тура айтатын кейіпкер?. 4. Әпке бауырлары үшін қандай құрбандыққа барады? 5. Мамуля... Біз... Мен үйленемін. Қай кейіпкердің сөзі? 6. Қамажайдың басты арманы қандай? |
Мадақтау
Дескриптор: 2 балл 1-4 дұрыс жауап 1 балл 5-10 дұрыс жауап 1 балл
Дескриптор: Мәтінді оқиды; Мәтін мазмұнын түсінеді 2 балл
Дескриптор Жалпы: 2 балл Шығармадан прологты анықтайды Шығармадан эпилогті дұрыс анықтайды.
Дескриптор: Ауыл балаларының есімдерін атайды; 1 балл
Дескриптор Жалпы: 4 балл Үзіндінің мазмұнын түсінеді; Сюжеттік желісін табады; Көріністі мазмұнға сай орындайды. Үзіндіден құндылықты анықтайды Дескриптор: Ерікті ренжіткен кейіпкерді дұрыс анықтайды; Жылау себебін нақты түсіндіреді; Ойын жүйелі жеткізеді. 3 балл
Дескриптор - сұрақтарға жауап береді; Шығарма мазмұнын түсінеді 2 балл
Дескриптор: Төбелес себебін дұрыс анықтайды; Іс-әрекетке баға береді (дұрыс/бұрыс); Өз ойын жазады; 2 балл |
https://youtu.be/--VUyyoR2yc?si=V5JK5tUq7uaVeE3w
Оқулық
Жи
|
|||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия «Менің түсінгенім» әдісі
|
Егер оқушылар барлығын түсінсе жасылды, қандай да бір сұрағы болса сарыны, мүлде ешнәрсе түсінбесе қызылды басады. |
|
|
|||
|
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Бағалау: |
«Әпке» драмасы Бірінші акт Хрестоматиядан оқу Әңгімені оқу, мазмұндау.
Мұғалім оқушыларды формативті бағалайды |
|
|
|
|||