"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы даланың жеті қыры» атты ғылыми-танымдық конференция өткізген тарих пәні мұғалімі Елюбаева А.С.

02.03.2020

«Ұлы даланың жеті қыры» атты ғылыми-танымдық конференция.

Мақсаты:

  • Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  "Ұлы даланың жеті қыры"

 атты мақаласымен таныстыру,оқушылардың осы мақалаға қатысты пікірлерін білу, талдау.

  • Жеке немесе топта сын тұрғысынан ойлау арқылы осы мақалаға қатысты өз ойларын, пікірлерін айтып, сонымен қатар қосымша мәліметтер іздеу, шығармашылыққа баулу.
  • Елін, жерін, Отанан сүюге, тарихын біліп оны дәріптеуге тәрбиелеу.

 

Қатысқандар:

9 «А»сынып- 5оқушы

10 «А»сынып- 5оқушы

11 «А»сынып- 5оқушы

 

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар ең біріншіден еліміз үшін ең басты мереке- тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Бүгінгі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  "Ұлы даланың жеті қыры"

 атты мақаласына арналған ғылыми-танымдық конференцияға қош келдіңіздер!

Кез келген халық, оның ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инновациялық үлесі туралы хабардар болуы тиіс.

Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде.

Бүгінгі мақала ол қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту.

Ұлы даланың жеті қыры«Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыданқауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқді.

 

Сіздерге бірнеше күн бұрын тапсырма берілді:

9 «А»сынып-  «Атқа міну», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия»

10 «А»сынып- «Қазақстан –алма мен қызғалдақтар отаны» және мектебімізде оқушылар мен мұғалімдер арасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын қанша адам біледі, қаншалықты біледі екен сауалнама жүргізіп, видеоролик түсіру.

11 «А»сынып- «Аң стилі», «Алтын Адам», «Ұлы Жібек жолы»

 

Оқушылар осы тақырыптар бойынша өздері дайындаған презентация, видеороликтерін көрсетіп, өз жұмыстарын қорғайды- әр сынып 10 минуттан.

 Оқушылар бір біріне сұрақтар қояды – 5 минут.

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

 «Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.» деп айтқан өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев. Адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса         алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнгеқалай келгенімізді кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды.Тарихқа көз

 жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққыларықазақ халқының басына таяқ болып тигенін көреміз. Біздің еліміз - Қазақстан Республикасы - бүгінгі таңда даму жағынан көптеген елдерден алдакеледі. Мұның басты 

себебі деп, еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының

 жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін.Қазақстан – кең байтақ әрі тариxы өте тереңде жатқан мемлекет.

Қазақтың көптеген ру тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай 

ғасыр бұрын белгіліболған. Бұдан біз ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұдан да ерте айтылып жүргенін, тариxымыздың тым әріде жатқанын білдіреді.

Осыған орай,еліміздің қырсырларын зерделей келе ҚР Президенті 

Н.Ә.Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласымен төл 

тариxымызды бір жүйегекелтіруге үндейді.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст