"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5 "А" сыныбында "Команда бойынша.Алгоритм түрлері" атты информатика пәнінен ашық сабақ

19.02.2020

Сабақтың тақырыбы:           

Команда бойынша.Алгоритм түрлері

Мұғалімнің аты-жөні:Алиманов А.Ж.

Күні:   24.01.2020

Сынып: 5 «А»

Қатысқан оқушылар  саны:  12

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.3.2.1-Алгоритм тұрлерімен танысу және ажырата білу.

5.3.2.3-Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Алгоритм түрлеріне мысалдар келтіре алады және практикалық және теориялық түрде берілген тапсырманы орындай алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Түсінеді, талдайды, білімін қолданды:сызықтық,тармақталған, циклдік алгоритмдер құруды меңгереді.           

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, рефлексия жасайды.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар алгоритм түрлерін ажырата алады.

Пәндік лексика және терминалогия:

Алгоритм,цикл

Ресурстар

Оқулық, Дк,суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап,  түсіндіру,постер қорғау, кері байланыс

Пәнаралық байланыс

математика

Алдыңғы оқу

Алгоритм ұғымы

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

3  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

Ұйымдастыру бөлімі: а) сәлемдесу

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Шаттық шеңбері» арқылы дөңгелене тұрып, бір-біріне тілек айту

Топтарға бөлу.

 Суреттер арқылы 2 топқа бөлініп отырады.

 

1-топ «Компьютер»

2-топ «Робот»

Үй тапсырмасы

«Сұрақ –жауап» әдісі арқылы берілген үй тапсырмасына байланысты сұрақтар.

1.Алгоритм дегеніміз не?

2.Алгоритм атауы кімнің атымен байланысты аталған?

3.Алгоритмнің қасиеттерін ата?

4.Алгоритмнің жазылу жолдарын ата?

5.Алгоритм орындаушылары кімдер?

6.Алгоритмге мысал келтір

 Bilimlend  сайт арқылы тестке жауап береді.

 

 

 

Сабақтың ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

Жетелеуші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу.Алгоритм орындалуына байланысты қандай болуы мүмкін?(Яғни орындалатын әрекеттер тізбектеле,қайталанып және белгілі бір шартқа б/ты  орындалады. )

Қысқаша тақырып туралы бейнекөрсетілім(2 минут)

Берілген мәтін бойынша білімдерін жинақтау және талқылау (10  минут)

Алгоритм терминімен біз таныспыз.Алгоритм-қажетті нәтижеге жеткенге  дейін орындалуы тиіс әрекеттер тізбегі.Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқаулар.Алгоритм орындалуына байланысты әртүрлі болып келеді.Алгоритмнің үш түрі бар:

-сызықтық алгоритм

-тармақталған алгоритм

-циклдік алгоритм

Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады.Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады.

Бутерброд дайындау алгоритмі:

Басы

Нанның бір тілімін кесемін

Май жағамын

Ірімшіктің бір тілімін кесемін

Нанның бетіне қоямын

Соңы.

Мұнда алгоритм қадамдары бірінен кейін бірі тізбекетеле орындалады.

Тармақталған алгоритм-белгілі бір логикалық шартқа байланысты  әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды.Күнделікті өмірде кейбір жағдайлар белгілі бір шартқа байланысты орындалады.Мұндай жағдайда бізге тармақталған алгоритм қажет.Тармақталу алгоритімінде тармақтардың бірінің орындалуы шартқа байланысты болады.Егер шарт орындалса, алгоритм бірінші қадам бойынша, ал егер орындалмаса, екінші қадам бойынша орындалады. Тармақталған алгоритмде егер, онда, әйтпесе (болмаса) тірек сөздері қолданылады.

Ауа райына қарай киіну алгоритмі:

Басы

Егер сыртта жаңбыр болса,

Онда етік киемін,

Болмаса туфли киемін

Соңы.

Көптеген алгоритмде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады.Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі.Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанатын болса, ондай үдерісті цикл деп атайды.Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады.Циклдік алгоритмдерді қолдану арқылы программаны қысқада да нұсқа жазуға болады.Қайталану бөлігінде қайталану(циклдік) командалары қолданылады.

Тақтайша сырлау алгоритмі:

Басы

Тақтайшаны 1 санға арттыра отырып сырла, сырланған тақтайшаның саны 5-тен кем болса, келесі тақтайшаны сырла

Соңы

Тақырып бойынша постерқа сұрақ жазу және жауап беру (10 минут)

 

 

bilimland

видео

вв

вивипрпкпркп

видео

 диск

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Плакаттар, маркерлер

 

 

Аяқталуы

Сабақты бекіту

7 минут

Алгоритм тақырыбына арналған тапсырмалар

Жаттығу №1,2,3

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

 

 

Тест жұмысы Kahoot бағдарламасы арқылы сабақты бекіту.

 

bilimland 

 

 

Сабақтың соңы

3 минут

 

 

Рефлексия «Табыс» ағашы

Кері байланыс

 

Үй тапсырмасы:  §15 Алгоритм түрлері.Алгоритмнің 3 түріне мысалдар келтіру және 92 бетте №6 тапсырмаға ауызша дайындалу.

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,ағашқа жабыстырады

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 646


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст