"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өлеңті орта мектебінің 2019-2020 оқу жылындағы өткізілген «Махаббат пен Шығармашылық педогагикасы» онкүндігінің іс-шаралар жоспарының есебі.

18.02.2020

Өлеңті орта мектебінің 2019-2020 оқу жылындағы өткізілген

«Махаббат пен Шығармашылық педогагикасы» онкүндігінің  іс-шаралар жоспарының есебі.

Өзін-өзі тану пәні адамды шынайы бақытқа, өмірлік қанағаттану мен ішкі тыныштыққа жетуге мүмкіндік береді, мінездің кемелденуін және тұтас үйлесімді тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Өзіміздің шынайы рухани табиғатымызды ашып, шабыттана отырып, өзіміздің рухани сыйымызды әлемге таратамыз. Өзін-өзі тану сабағы оқушының жүрегін ашуға мүмкіндік және рухани қорек береді. 03.02.-12.02.2020 ж күндері өткен өзін-өзі тану онкүндігінде:                                                          03.02-күні онкүндіктің ашылуы 1-11 сыныптар арасында «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты фойеде  оқушылар шығармашылығынан көрме  және мектеп кітапханашысы Нагиманова А.Д  «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Ашылу салтанатында оқушыларға жоспар таныстырылды және бастауыш сынып,орта буын,жоғарғы сыныптар  шаттық шеңберін құрып сүйіспеншілік,мейірімділік туралы ізгі тілектер айтты.  

04.02-күні  Тренинг «К вершине самооценки» 5,6,7 «Б» сыныптарында  Жаниева Д.К өткізді,оқушылардың қызығушылығы болды,бірақ мұғалімге көп ескертулер айтылды. 

05.02.-күні «Қайырымдылық жер бетінде» атты флешмоб 1-11 сыныптар арасында Алданыш.А өткізді,оқушылар көңілді биледі.   

06.02- күні ата-аналармен жұмыс «Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі» атты іс-шараны Жаниева Д.К  5-11сыныптар ата-аналарымен өткізді,  басында ата-аналар толық жиналмады соңында жиналды және де іс-шараның кемшіліктерін айтып ескерттік.

07.02- күні өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Алданыш Айнагуль 3 «А»сыныбында  «Жомарттық пен кеңпейілділік» атты сабағын өткізді, сабақты әріптестермен талдау болды, сабақ сәтті өтті.

10.02-күні «Ән-көңілдің ажары»  атты  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ән фестивалі

өткізген Алиманова Ш.Б 1-11 сыныптар арасында жақсы ойдағыдай өтті, марапаттаулар болды.                      Бірінші номинация: Абайдың  шығармаларын жатқа айту сайысы  1-4 сынып аралығында
Екінші номинация: Абайдың қара сөзін мәнерлеп оқу  сайысы  5-7 сынып аралығында.
Үшінші номинация: Абайдың әнін орындау  сайысы 8-11 сынып аралығында.
Бірінші номинация: Абайдың  шығармаларын жатқа айту сайысын бастаймыз.

1 орын- Нурболатқызы Жадыра

2 орын- Тілеуберді  Берік ,Оразбекызы Жадыра

3-орын- Айтқулова Еркежан

Екінші номинация: Абайдың қара сөзін мәнерлеп оқу  сайысы  5-7 сынып аралығында бастаймыз

1 орын- Бөке Айшуақ

2 орын- Ескендір Айғаным

Үшінші номинация: Абайдың әнін орындау  сайысы  8-11 сынып аралығында  бастауға рұқсат етіңіздер.
1 орын- Баетов Рустем 10 «А» сыныбы

2орын- 9 «А» сыныбы

3 орын-8 «А» сыныбы орындарды иеленді.

11.02- күні өзін-өзі танудан ашық сабақ Алиманова Ш.Б өткізді 1 «А» сыныбында «Қарым-қатынас әліппесі» сабағын, сабақта оқушылар толық қатыспады және сабақ талықылау барысында кемшіліктер айтылды.

Осы күні өзін-өзі танудан ашық сабақ Жаниева Д.К  9 «А» сыныбында «Өзгелерге қызмет ету – өзіңе қызмет ету»  ашық сабақтарын өткізді, сабақ жақсы өтті, оқушылар керемет жұмыс жасады,сабақ талқыланды.

12.02-күні онкүндіктің жабылуы «Ізгі тілектер» күні болды осы күні оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер өздерінің жүрек жарды тілектерін арнады.

Өзін- өзі тану пәні :Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып,адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге,шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға,өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді, шығармашылықпен еңбек етуге шабыттандырады.Анаға,туған жерге,Отанға,туған-туысқанға, досқа, өмірге, әлемге махаббатпен қарау керек екенін ұғындыратын пән. Олай болса, «Өзін-өзі тану» пәнін -Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деу әбден орынды.

 Баршаңызды «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндігінде белсене қатысқандарыңызға ризашылығымды білдіреміз.

Балалар,осынау тамаша  «Бүгінгі мереке үшін алғыс білдіремін.Сіздерге ризамын!!

 

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст