"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өзгелерге қызмет ету – өзіңе қызмет ету" атты өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ

12.02.2020

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Өлеңті орта мектебі                          Мерзiмі: 11.02.2020                              № 21   сабақ

Тақырып: Өзгелерге қызмет ету – өзіңе қызмет ету

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер:кеңпейілділік, қайырымдылық, жанашырлық.

Мұғалiм: Жаниева Динара Кинжибековна

Сынып: 9

 

Сабақ мақсаты:   Адамның өзінің болашақ өмір жолын  таңдауына, өзін- өзі және қоршаған ортаны тануда мәңгі, өзгермейтін, жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі дұрыс әрекеттің мәнін ашып, түсіндіру.

Міндеттері: 

- дұрыс әрекеттің адами құндылық ретіндегі мәні мен маңызын ұғындыру.

- адамның дұрыс.әрекет жасауға талпынысындағы субьективтік тәжірбиесін кеңейту

-өмірдің мәнін дұрыс.әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру.

-өзінің ойын,сөзімен ісіне талдау жасау біліктіліігн дамыту.

-жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі дұрыс әрекеттің мәнін ұғынуға талпынысын тәрбиелеу.

Ресустары

Теледидар, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз.

Сабақтың басы

10 мин

                          Сабақ барысы

Сабақ барысын талқылау:

3 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

 2.   Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп  ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанып, сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар  да болады.

 

7 мин

3. Үй тапсырмасын тексеру:  «Өзге елдің оты өз еліңнің түтініне де татымайды»

(жеке сұрақтар беру арқылы үй тапсырмасын пысықтау)

1. Димаш Ахметұлының игілікті іс атқаруының мәні неде деп ойлайсыздар?

2. Биліктің шыңына көтеріліп, бірақ кісілігін жоғалтпауы қандай құндылықтардың көрінісі? Нақты мысал келтіріңіздер.

3. «Қанағатшыл адам» дегенді қалай түсінесіздер?

4. Дінмұхамед Ахметұлының бойынан өздеріңіз үлгі тұтарлық қандай ізгі қасиеттерді байқадыңыздар?

5. Өздеріңіздің риясыз қайырымдылық жасаған кездеріңіз болды ма? Мысал келтіріңіз.

Оқулық, 125-бет.

Сабақтың  ортасы

20 мин

 

 

2 мин

4. Дәйексөз.

Шынайы сүйіспеншілік басқа адамның тағдыры үшін алаңдаған жүректе ғана туындайды.

                                                                  Василий Сухомлинский

Мұғалім:

 - Василий Сухомлинский деген кім деп ойлайсыздар?

 - Бұл дәйексөзді қалай түсінеміз?

Оқулық, 125-бет.

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

5. Бейнефильм көру.

Мұғалім:

-          Осы оқиғадан қандай қорытынды жасауға болады?

-          Жақсылық жаса және саған ол  қайтып келеді!

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Төмендегі берілген қанатты сөздерден негізгі ойды анықтап, өз ойларыңызды түйіндеңіздер.

-          Ы. Алтынсарин: «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе».

-          Ж. Де Лабрюйер: «Жақсылық жасау – әрекет жасау деген сөз».

-          Р. Роллан: «Қайырымдылық – ғылым емес, әрекет».

-          Ж.Ж Руссо: «Қайырымдылықтан басқаның бәріне қарсы тұруға болады».

-          М. Монтень: «Қайырымдылық ғылыми игермеген адамға басқа кез келген ғылым тек зиянын тигізеді».

-          Н. Чернышевский: «Адамның шын мағынасындағы білімді болуы үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім».

Оқулықпен жұмыс.

128-бет, мәтінмен жұмыс.

 

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

 

Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

 

10 мин

6.Шығармашылық жұмыс

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа  «Кеңпейілділік», «қайырымдылық», «жанашырлық»  деген құндылықтар беріледі.

1-ші  топ.Өзгелерге қызмет  етем...

Шарты: Берілген суреттерді тақырыппен байланыстыра отырып, коллаж жасау,  қорғау. Дайындауға берілетін уақыт – 7, қорғауға – 3 минут

- берілген суреттерді мұқият қарау;
- тақырыпты ашатын суреттерді таңдау;
- өзін ұстау мәдениетін сақтау;
- берілген қағазға эстетикалық талғамға сай жапсыру (белгілі формамен жапсыруға да болады)
- жұмыс регламентін сақтау;
- тақырыпты ашу, қорғау

 

2-ші топ –  Өзгелерге қызмет  етем...

Шарты: Берілген суреттерді тақырыппен байланыстыра отырып, шағын жоба дайындау, қорғау. Дайындауға берілетін уақыт – 7, қорғауға – 3 минут

Талаптар:

- берілген суреттерді мұқият қарау;
- тақырыпты ашатын суреттерді таңдау;
- өзін ұстау мәдениетін сақтау;
- берілген қағазға эстетикалық талғамға сай жапсыру (белгілі формамен жапсыруға да болады)
- жұмыс регламентін сақтау;
- тақырыпты ашу, қорғау

3-ші топ -  Өзгелерге қызмет  етем...

Шарты: Тақырыпқа сай эссе жазу. Тақырыптың мағынасын ашу, тіл мәдениетіне, сауатты жазылуына назар аудару. Тақырыпты аша білу.   Дайындауға берілетін уақыт – 7, қорғауға – 3 минут

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді

 

7. Топпен  ән айту.

Өмір өзіңді таппай іздеп өзек талса да

Өмір мен кешкен мөлдір таза мезет қаншама

Өмір жанымда бақ пенен зор кезек болса да

Мен сені сүйемін өмір мен сені сүйемін өмір

 

қайырмасы:

Алдымнан мұңартып шақырды дала-ау

Жарыққа күнә ғой жақындамау

Әлі де сөнбеуге хақым бар-ау

Мен сені сүйемін өмір

Берерің білмеймін әлі ертеңнің

Өткеннің үзігін әрең тердім

Сонда да келеді тағы өртенгім

 

https://sazalem.com/ru/track/roza-alkozha-men-seni-suiem-omir

Сабақтың соңы

5 мин

8.Үй тапсырмасы.

№ 21 сабақ. Дәптермен жұмыс.  3-тапсырма. 127-бет.

«Жақсылық – жан шуағы» тақырыбына қайырымдылық іс-шара жоспарын жасаңыздар.

Оқулық, 127-бет, 3-тапсырма.

9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

 

-Балалар,бүгінгі  өзін-өзі тану сабағында  немен таныстық?                      (балалар өздері қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын.

Ойларыңды қорытындылау үшін үстелдегі стикерлерді алып, сабақтан алған әсерлерінді жазып, өздеріңмен алғыларың келсе тақтадағы сөмкеге, ал керек емес десеңіздер -  қоқыс шелек суретіне жабыстырыңдар.

 

-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!

Оқушылар ойларын қорытындылайды

 

 

Просмотров: 2125


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст