"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 оқу жылындағы 4 «А» сыныбының I- тоқсандық тәрбие жұмысының есебі.

10.02.2020

2019-2020 оқу жылындағы 4 «А» сыныбының  I- тоқсандық тәрбие жұмысының есебі.

Осы оқу жылының басында 4 «А» сыныбында 21 оқушы болды. Оның 8- ұл бала, 13-қыз бала болды. I-тоқсанға жоспарланған сынып сағаттарының барлығы өтті. Сыныпта көп балалы отбасы 5,  отбасылық жағдайы аз қамтылған отбасы жоқ, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушы саны           3 болды. Жыл басында оқушыларымыз жаңартылған білім мазмұнына көшкендіктен жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілді, барлық оқулықтар толық болды. Сынып белсенділері тағайындалып, сынып бұрышы безендірілді. Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» сынып сағатынан көрініс     Сынып оқушылары әр түрлі үйірмелермен секцияларға да қатысады.  Футбол және күрес  үйірмесіне  қатысады, сонымен бірге ұлттық дәстүрімізді сақтай отырып домбыра үйірмесіне де қатысады. Мектепішілік әр түрлі іс-шараларға да белсене қатысады. I-тоқсандық қорытынды бойынша 4 «А» сыныбының жалпы үлгерімі 100%,  жалпы білім сапасы 42%, босатқан сабақ саны 24, оның ішінде ауырып қалу 21 сабақ болды. Оқушыларлдың күнделігін әр аптада тексеріп қол қойып кемшілігін айтып отырамын. Қыркүйек айында өткізілген Тілдер апталығында «1001 мақал-101 жұмбақ» сайысын өткізіп,үздік мақалшы мен жұмбақшыны анықтадық.

 

                                      Сынып жетекшісі: Алданыш Айнагуль

Просмотров: 543


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст