02.04.2026
1 сәуір - Халықаралық құстар күні
Осыған байланысты жылдық тәрбие жұмысының жоспары негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында технология пәні мұғалімі Хайрат Ержанат оқушылармен құстарға арналған ұяшықтар жасады. Белгіленген күні оқушылар өз қолдарымен жасаған ұяларды Ерейментау қаласының «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен бірігіп мектеп аумағындағы ағаштарға орнатты.
Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.
