31.03.2026
Құрметті болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналары!
2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен таныс болыңыздар
Ақмола облысы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымнан 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде ата-аналар (заңды өкілдер) белгіленген тәртіп бойынша өтініш тапсыра алады. Қосымша қабылдау тек бос орындар болған жағдайда жүргізіледі.
Өтініш беру тәсілі: Өтініш «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады:
egov.kz Портал арқылы өтініш беру үшін қажет құжаттар:
1.Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
2. Баланың 3×4 см сандық фотосуреті;
3. № 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты (2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді);
4. № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы;
5. ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері: – сынып-жиынтықтардың толып кетуі; – ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе ондағы деректердің дұрыс еместігі.
Қосымша ақпарат алу үшін: "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-не, Өлеңті ауылы, М.Маметова 1А көшесі, мекенжайы бойынша немесе 87014567386, 87761969319 нөміріне хабарласа аласыздар.
Құрметті ата-аналар, құжаттарды белгіленген мерзімде тапсыруды сұраймыз!