30.03.2026
Наурыз мейрамы — Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз — жаңа жылдың басталуы, көктемгі күн мен түннің теңесу күніне сәйкес келеді. Наурыз таза үйге жақсы қожайынның үйіне кірсе, аурулар, сәтсіздіктер, қиыншылықтар оны айналып өтеді деп саналатын Наурыз мейрамы қарсанында «Балдырған» шағын-орталығында «Армысын-әз Наурыз!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Тәрбиеленушілер мерекелік киімдерге киініп, бір-біріне келе жатқан жылы үшін құттықтаулар мен жақсылық тілектерін білдірді. Тәрбиеші Соспанова Жұлдуз Сериковна балаларды, ойындардың көмегі арқылы қазақ ұлттық мәдениетімен таныстырды: «Қанат тарту», «Теңге жинау», балалар ән айтты, би биледі, сондай-ақ «Түсау кесу» салтын өткізді. Шағын-орталығында мереке кезінде мейірімділік, көңіл көтеру және қуаныш атмосферасы орнады.
