Текст
05.03.2026
Мектебіміздің 7 «А» сынып оқушысы Сарқытбек Нұрдина ұлы ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған дәстүрлі Мұқағали оқулары байқауының аудандық кезеңіне қатысып, «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша І орынға ие болды.Оқушымыз ақынның өлеңін жоғары деңгейде, әсерлі әрі мәнерлеп орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сейсенбай Е.
Жеңімпазымыз байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Жас дарын иесін және жетекшісін құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде биік белестерден көрінуіне тілектеспіз!