Текст
27.02.2026
1 наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Жоспарға сәйкес 2026 жылдың 25 ақпан күні 6-11 сынып араларында «Барлығы үшін рахмет» алғыс айту челленджі, 2026 жылдың 27 ақпанында 1-5 сыныптар арасында «Алғыс айтудан шаршамаймын» атты бейне құттықтаулар және 1-11 сынып оқушылары арасында «Жақсы істер жасауға асығыңыз» атты қайырымдылық акция өтті. Жақсылық жасау-адамның жүрегінен шығатын ең асыл қасиет. «Жақсылық істер жасауға асығыңыз» атты қайырымдылық акция аясында 10 сынып оқушылары шын жүректен шағын азық-түлік себетін жинап, ауылдағы көмек көрсетілетін зейнеткерлер отбасына апарды.
