Текст
27.02.2026
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен белгіленген 1 наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде алғыс айту күнінің мәнін түсіндіру, оқушыларды мейірімділікке, сыйластыққа, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұжымдық рухты нығайту, ата-ана мен ұстаз еңбегін бағалауға үйрету мақсатында «Алғысқа толы жүрек» атты көрме ұйымдастырылды.Оқушылар, ата-аналарға және мектеп қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді. Оқушылардың бойында алғыс айту мәдениеті қалыптасып, ұжымдық бірлік пен сыйластық нығайды.
