23.02.2026
Гуманитарлық циклдің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдер декадасы аясында 18 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Залгаринова Алмагуль Имангалиевна 9 «А» сынып оқушыларымен «Ер мінезді Ұлпан» атты ашық сабақ көрсетті.
Сабақтың негізгі мақсаты: көркем шығармадағы Ұлпан бейнесін анықтау, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жасау.
Сабақ барысында оқушылар өткен тақырыпты қайталап «Телевикторина TV QUIZ» әдісін қолданып жаңа тақырыппен танысты. Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, үй тапсырмасы беріледі.