"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ 8 сынып Дулат Исабековтың "Әпке" драммасы

20.02.2026

Гуманитарлық циклдің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдер декадасы аясында 13.02.2026 күні 8 «А» сыныпта қазақ әдебиеті сабағынан Дулат Исабековтың «Әпке» драмассы  бойынша  ашық сабақ өтті. Сабақты өткізген жас ұстаз қазақ тілі пәні мұғалімі Сейсенбай Еркегуль

Сабақтың негізгі мақсаты – драмалық шығарманың жанрына сай сюжеттік желісін, пролог пен эпилогті анықтау.

Сабақ барысында оқушылар өткен тақырыпты қайталап, жаңа тақырыпты ән және суреттер арқылы болжайды. Жаңа сабақта жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, шығарманың мазмұнын талдайды. «Әдеби детектив», «Кинолента», «Қоржын» әдістері арқылы сюжеттік желі, кейіпкерлер және негізгі идея анықталады.

Сонымен қатар сыныпта ЕБҚ (ерекше білімді қажет ететін) оқушы бар екені ескеріліп, оған арнайы бейімделген тапсырмалар ұсынылған. Тапсырмалар жеңілдетілген, нақты және түсінікті түрде беріліп, оқушының оқырмандық дербестігін қалыптастыруға бағытталған. Бұл сабақта инклюзивті білім беру қағидалары сақталған.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, үй тапсырмасы беріледі.

 

Просмотров: 1272


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст