Текст
17.02.2026
Гуманитарлық цикл бойынша әдістемелік бірлестігінің мұғалімдер декадасы аясында орыс тілі мұғалімі Бимжанова Айжан Кайрбековна 7 Б сыныбында « Глагольные словосочетания» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды ұсынылған мәселе бойынша диалогке қатысуға үйрету, өз пікірін дәлелдей отырып, тыңдалған материалды мазмұны бойынша бағалау, назар аудару үшін тілдік құралдарды, материалды баяндаудың құрылымы мен логикасын қолдану.
