Текст
11.02.2026
Гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестік пәндерінің онкүндік аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Абай» клубының жетекшісі Залгаринова А.И. «Абай әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс – шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты Абайды терең таныту арқылы Абай атамыздың қалдырған асыл мұрасын әр оқушының ой-санасына жеткізу, Абай шығармалары арқылы Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
