Текст
03.02.2026
Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің онкүндігінің салтанаты жабылуы 30 қаңтар күні мектеп жиынында өтті.
ЖМЦ ӘБ жетекшісі Сабырова Г.К. онкүндіктің қорытындысын шығарып, қатысқан сыныптар мен белсенділік танытқан оқушылар мен жеңімпаздарды марапаттады.
Қорыта келгенде, «Жасанды интеллект –жаратылыстану мен математиканың жаңа көкжиегі» тақырыбында өткен онкүндігі жақсы деңгейде өтті. Бірлестік мүшелері сабақтарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие құндылықтары мен дәйексөздерімен таныстырды, ЖИ –ті сабаққа дайындық және сабақта тапсырмалар орындауда тиімді қолдана білді.
Мәреге жеткен және жеңімпаз атанған оқушылар онкүндіктің жабылу салтанатында марапат қағазы мен сертификат және шағын сыйлық табысталды
