Текст
29.01.2026
Қазіргі таңда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың логикалық ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру – білім беру үдерісінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта мектепте 15 минуттық қоңырау уақытында жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің онкүндігі негізінде математика пәні мұғалімдері Азмагамбетова Бибигуль Секеновна және жас ұстаз Секен Алдияр Бауржанұлы «Көңілді қоңырау» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға мектептің бастауыш сынып оқушыларынан бастап жоғары сынып оқушыларына дейін белсене қатысты. Іс-шараның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылып, барлығының қызығушылығын арттыруға бағытталды
