17.12.2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында «Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы мен оқушылар бұл мерекені ерекше рухта атап өтіп, ел тарихына, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстарға белсене қатысты. АӘжТД пәнінің оқытушысы Нұрбек Әкімжан Нұрбекұлы халық қаһарманы, жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай 9–11 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар батырдың ерлік жолы, әскери-патриоттық көзқарастары, әдеби мұрасы туралы тың мәліметтер алып, оның өнегелі өмірінен үлгі алды. Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға, тарихи тұлғаларды құрметтеуге және ұлттық рухты нығайтуға бағытталды.
