17.12.2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Худжанова Жадра Сабыровна 7 «Б» сынып оқушыларымен «Қазақстан Тәуелсіздігі-мемлекеттің тұрақтылығы өркендеуінің негізі» атты ашық сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру, елдің қалыптасу жолындағы маңызды кезеңдермен таныстыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Іс‑шара барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, ұлттық құндылықтар, мемлекеттің даму бағыттары туралы өз ойларымен бөлісті. Танымдық бейнематериалдар көрсетіліп, топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақ соңында оқушылар еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарау, бірлік пен тұрақтылықты сақтау – әр азаматтың парызы екендігін атап өтті.
