"Ақмола облысы  білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Уленты отдела  образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Пікірсайыс турнирінің іріктеу ойыны

12.11.2025

      Малтабар ауылы Перуаш Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 8–11 сынып оқушылары арасында аудандық пікірсайыс турнирінің іріктеу ойындары өтті. Бұл шараның басты мақсаты — жас буынның ой-өрісін кеңейту, шешендік қабілетін дамыту және өз ойын дәлелмен жеткізе білуді үйрету.

      Пікірсайыс үш лигада — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды. Әр лигада қатысушылар жоғары дайындық, өзекті тақырыптар мен сындарлы ой көрсетті.

       Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі командалары ерекше белсенділік танытып, үздік нәтижелерге қол жеткізді:

🇰🇿 Қазақ лигасы:

 «Ұшқыр ой» командасы — I орын

🇬🇧 Ағылшын лигасы:

 «Speak Up league» командасы — II орын

        Сонымен қатар, «Үздік спикер» номинациясын «Speak Up league» командасының спикері Елай Унай иеленді!

       Жарыс жас пікірсайысшылардың ойлау, сөйлеу және талдау қабілеттерін шыңдауға үлкен серпін берді. Барлық қатысушыларды тамаша дайындықтары мен белсенділіктері үшін құттықтаймыз! 

  

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст