"АДАЛ АЗАМАТ" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде күзгі демалыс кезіндегі өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Жоспар бойынша әртүрлі викториналар, тақырыптық сынып сағаттар өткізілді. Олар: 3-4 сыныптар үшін "Білесің-жауап бер, білмесең-оқы!" қызықты ойындар сағаты. 5-6 сыныптар үшін қызықты уақыт сағаты "МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН" атты квест ойыны. 6-7 сынып оқушыларына арналған "Ұлттық тәрбие-ұрпаққа өнеге" әжелерден дәстүр сабағы, іс-шараның тақырыбы ұлттық тәрбиеге байланысты болғандықтан, әжелер дастархан басында сұхбат беріп өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Еңбегі адал -жас өрен жобасы аясында жоғары сыныптар үшін "Мамандықтар әлемі" атты сынып сағаты. Іс-шаралар өте қызықты өтті. Оқушылар керемет әсер алды. Іс-шара аяғында барлық оқушыларға тәттілер таратылды.
