20.10.2025
Мектебімізде 2025 жылдың 17 қазан күні мектебіміздің оқушылар мен ұстаздары, Халықаралық қазақ тілі қоғамы және Тіл қазына орталығы бірлесе қолға алған ерекше «Ұлттық диктант» бастамасы жобасына қатысып диктант жазыды. Бұл іс-шара қазақ тілінде дұрыс, сауатты жазуға дағдылану, орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық білімді дамыту, қателесуден қорықпай, ойыңызды еркін жеткізуге үйрену үшін жасалған бастама. Диктантқа қатысушылар саны – 60 адам. Мектеп мұғалімдері (онлайн түрде) – 20 адам. Онлайн қатысушылар https://dictant.til.kz/ платформасы арқылы тапсырма орындап, Алғыс хаттармен марапатталды. «Ұлттық диктант» жазу барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдер тілдік бірегейліктің маңызын түсініп, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырды.
