5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл», деген екен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.
1989 жылғы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданды. Ал мереке 1998 жылдан бастап тойланады. Сол жылдың 22 қыркүйегі Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды.
Алайда жиырма жылдан соң атаулы датаның күні өзгерді. 2017 жылдың күзінде Үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Өйткені, 5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сол себептен 2018 жылдан бастап атаулы датаның күні өзгеріп, 5 қыркүйекте мерекелене бастады. Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеу аясында мектебімізде еліміздің көптілділігі мен мәдени алуан түрлілігіне арналған тақырыптық көрме рәсімделді. Көрменің мақсаты - Қазақстанда тұратын халық тілдерін дәріптеу, этностар арасындағы достықты нығайту, сондай-ақ тілдік және мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар 2025 жылғы 05-18 қыркүйек аралығында мектебімізде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай онкүндік өтуде